Дәрігерлердің қызметі шаштараздың қызметінен де төмен болғаны ма?
Республика бойынша дәрігерлердің орташа жалақысын бір жарым есеге көтермекші.
11:50 24.11.2017
Бұл туралы ҚР ДСМ Денсаулықты сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай жалақыны кем дегенде, медициналық ұйымдардың жартысында белгілеу жоспарланып отыр. «Қазір бұл көрсеткіш орташа жалақының 0,9-дан 1,2-ін құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, республика бойынша орташа жалақы 2017 жылдың екінші тоқсанында 149 951 теңгені құрайды. Мемлекеттік клиникаларда дәрігердің негізгі жалақысы – 40 мың теңге көлемінде. Көбісі тым болмаса 120 мың теңге алу үшін бір жарым есе артық жұмыс істеуде.
Еліміз бойынша негізгі лауазымдық қызметақы (НЛҚ) – 17 мың теңге. Бұл тіпті ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі ең кіші жалақыдан да төмен. НЛҚ бойынша мемлекеттік клиникаларға медициналық қызмет көрсету есептелінеді (тарифтер). Сонда, мысалы, елімізде шаш қиғызу үшін 3 - 3,5 мың теңге төлесең, білікті маманның қызмет пайдалану – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында (ТМККК) небәрі 700 теңге. Бірақ негізгі лауазымдық қызметақы экономиканың бар саласына қатысты тәсілмен есептелген болып тұр. Қазір бұл мәселені жұмыс тобы талқылап жатыр», - деді Айнұр Айыпханова.
Оның айтуынша, дәрігерлердің жалақысын көтеру үшін бастапқыда жергілікті бюджетті пайдаланып, тарифтерді қайта қарау ұсынылмақшы. Сондай-ақ, шаруашылық жүргізуге құқылы кәсіпорындарға ақылы қызмет көрсетуге болады. Бірақ ол үшін мемлекеттік қаржыны бөлу шартын қарастыру қажет.
Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!