Араққа сылқия тойып алып 8 авкөлікті қиратты
Астанада «Алматы» ауданының полцейлері үйдің ауласындағы тұрақта тұрған 8 көлікті қиратқан бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды ІІД.
12:33 28.11.2017
28 қарашада сағат шамамен 03.00-де Алматы полиция бөлімшесінің жедел іздестіру тобы Ғабдуллин көшесінің бойындағы үйдің ауласында сегіз көлікті зақымдаған күдіктіні полиция бөліміне жеткізді.
«Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған кезде күдікті мас күйінде болған. Тергеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 27-жастағы тұрғыны достарымен қонақта болып, алкогольдік сусын қолданғанын, содан кейін аулаға кіріп бұзақылық ниетпен аулада тұрған машиналарды бүлдіргенін түсіндірді», - деп хабарлайды ІІД.
Сондай-ақ, полицияның мәліметтері бойынша, басқа да азаматтардан жеке меншікке зақым келгені туралы өтініштер түсіп жатыр (сынған әйнектер, зақым келтірілген есіктер).
Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!