Тоғанда балықтар неге «секіреді»?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар әлемі комитеті «өлі балықпен» түсірілген видеоны зерттеуге кірісті.
13:09 28.11.2017
Әлеуметтік желілерде белгісіз тоғанда түсірілген бейнежазба пайда болды. Кадр сыртындағы адам көріністі суреттеп тұрып, балықтардың қырылып жатқанын айтады. Автордың айтуынша, ол Алматы облысындағы Іле ауданы. Кадрда сондай-ақ, балықтар судан секіріп шықпақшы болады, ал жағадағы адамдар оны ұстамақшы әрекеттер жасауда.
«Құрметті достар! Орман және жануарлар әлемі комитеті осы бейнеде сипатталған жағдайды зерттейді. Мұндай жағдайларда жергілікті басқармаға, аумақтық инспекцияға, комиссияға немесе министрлікке хабарласыңыз. Табиғатты бірге қорғайық, бірге сақтап қалайық», - деп жазды Facebook парақшасына видеоны салған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Видео: instagram/ztb_video
Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!