{metadescription}
Қазақстан тумасы АҚШ сотында кінәсін мойындады

Қазақстан тумасы АҚШ сотында кінәсін мойындады

Қазақстанда дүниеге келген Канада азаматы Кәрім Баратов Сан-Францискодағы сотта Yahoo-ны бұзғаны үшін айыпталып, кінәсін мойындады.

Баратовқа қатысты сот үкімі 20 ақпанға жоспарланды. Тамыз айында сотталушы өзінің кінәсіз екенін айтып, сот алдында ұстауға келіскен болатын.
 Бұрын Баратов істің алға жылжығанын қалап, Канададан АҚШ-қа экстрадициялауға келіскен. Канадалық судья қорғаушы жақты Баратовтың АҚШ-тың жаңа айыптауларымен бетпе-бет келуі туралы ескерткен еді.
Баратов АҚШ-тың Торонто билігінің ордерімен осы жылдың наурыз айында қамауға алынды.

22 жастағы Қазақстан тумасы АҚШ-тың Әділет министрлігінің Yahoo-ға қарсы кибершабуылдарына қатысты тергеліп, қамауға алынған төрт күдіктінің бірі болды. Соның салдарынан жарты миллиардтан астам пайдаланушы шоттары бұзылды.

Фото: соцсети

Кәрімнің көршісі Керри Картердің айтуынша, қымбат көліктері және шулы кештерімен аты шыққан қазақстандық жігіт екі жыл бұрын Анкастерге (Онтариодағы Канаданың провинциясы) көшіп кетті.

«Ата-анасы оған үй сатып алды немесе ол ақшаны басқа жерден алды, себебі ол жұмыс істемейді. Әрдайым автомобильдерін ауыстырып, күні бойы қыздармен қала қыдырып жүретін», - деді Картер.
Баратовтың әлеуметтік желілердегі бірнеше парақшасы көптеген сәнді автокөліктерді көрсетеді: Mercedes, BMW, Aston Martin, көк Lamborghini, қара кабриолет Porsche. Аккаунтында Ask.fm Баратов былай жазыпты: «мен 15 жасымда онлайн-сервис жасап, өзімнің алғашқы миллионымды тапқам».

Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!

Вчера

Новости партнеров

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.