{metadescription}
Ірі жылан 55 жастағы еркекті тұншықтырып өлтірді

Ірі жылан 55 жастағы еркекті тұншықтырып өлтірді

Таиландта жабайы ірі жылан 55 жастағы еркекті тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы Sanook News хабарлайды.

Саван Таклай есімді таиландтық азамат орасан жыланды ұстап алып, оны әйнек банкіге салыпты. Бірнеше күннен кейін жыланды банкіден шығармақшы болып әрекет жасағанда әбден ашыққан жылан еркектің қолын тістеп, мойнын орап алған. Осы уақытта үйде еркектің 63 жастағы әпкесі болған. Жан дауысы шыққан ағасына көмекке жүгіріп келген әпкесі ағасының мойнын қапсыра орап алған жыланды босатуға шамасы келмеген.

Ол көршілерінен көмек сұрауға ұмтылған кезде еркек жан тапсырып үлгерді. Жылан тұншықтырып тастаған. Қайғылы оқиға болған жерге жеткен полицейліктер еркектің өліп қалғанына көз жеткізді.

Фото: Sanook News

Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!

Вчера

Новости партнеров

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.