{metadescription}
Бензин тапшылығы үшін жұмыстан босатылған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

Бензин тапшылығы үшін жұмыстан босатылған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бұйрығымен Мағауов Әсет Маратұлы 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды қауымдастық сайты.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қазанда  Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі бензин тапшылығына қатысты Энергетика министрлігі басшысынан, және жауапты тұлғалардан түсініктеме алып, тікелей еңбек міндеттерін орындаудан жалтаруға қатысты бірнеше шешім қабылдаған. Соның ішінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен шығарды. Кейінірек ҚР Үкіметінің қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы вице-министр қызметінен босатылған болатын.

Асет Мағауов 1994 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай, химия және газ өнеркәсібі институтын тәмамдап, Халықаралық валюта қоры және Азия даму банкінде тәжірибеден өткен;
1994-1998 жылы - «Теңізмұнайгаз» АҚ жоспарлау-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, экономисі болды;
1998-2001 жылдары - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде қызмет істеді;
2001 – «Қазақойл» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің бас менеджері болды, 2001 ж. - «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды;
2002-2004 жж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ТШО-дағы үлесті басқарушы департаменті директорының орынбасары, директоры болды;
2004-2006 жж. - «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары;
2006-2008 ж.ж. - «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ үлесін басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды;
2008-2010 жж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
2010-2011 жылдары ҚР Мұнай және газ вице-министрі;
2011-2012 жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры;
 2012-2016 жж. - KAZENERGY Қауымдастығының бас директоры;
2016-2017 жж. - ҚР Энергетика вице-министрі.
2017 жылдың 4 желтоқсанынан - KAZENERGY Қауымдастығының бас директоры.

Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!

Вчера

Новости партнеров

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.