{metadescription}
Елімізге туристерді көптеп тарту қолға алынды

Елімізге туристерді көптеп тарту қолға алынды

Туристік сала мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тұрақты түрде әлеуетті нарықтарды зерттеу мен жаһандық трендтерге талдау жасалатын болды, - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Айта кетсек, бүгін Астанада «Қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру және дамыту мәселелер» конференциясы өтіп жатыр.

Рашид Күзембаевтың айтуынша, еліміздің көрікті жерлері мен киелі орындарына туристерді көптеп тарту мақсатында е-туризм тақырыптық порталы құрылады. «Еліміздің туристік саласын цифрландыру басты мақсатымыз. Басты жоба -  ақпаратқа оңай қол жеткізу, онлайн-тіркеу, кері байланыс, туристік қызмет сапасына мониторинг жасау, басты статдерек алуға бірыңғай жүйе қажет. Ол бизнес пен мемлекетке де пайдалы. Біздің е-туризм порталы мен мобильді қосымша еліміздің табиғаты керемет өңірлері мен қасиетті жерлеріне турист тартуға пайдасын тигізеді», - деді Рашид Күзембаев.  

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы мынадай дерек ұсынды:

Туристік сала соңғы онжылдықта қарқынды дамып, экономикада жылдам өсіп келе жатқан сектордың біріне айналған. Қазір туризм әлемдік экспорт пен әлемдік ЖІӨ-нің 10 пайызын құрап, әлемнің әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласында пайда болады екен. 

Смотрите нас в YouTube! Читайте в Facebook, Instagram и Telegram!

Новости партнеров

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.