{metadescription}

Статьи

Статьи - 2022 жылы әлемді дүр сілкіндірген оқиғалар

Статьи - 2022 жылы әлемді дүр сілкіндірген оқиғалар

Выпуск от 31.12.2022

Читайте статьи на сайте КТК. Здесь у нас: полезная информация для казахстанцев, экспертные мнения, советы и лайфхаки, идеи для бизнеса и стартапов, подборки ресурсов для самообразования и развития, простые рецепты вкусных блюд и даже астрологические прогнозы.

Мы пишем статьи для того, чтобы вы получили больше информации, знали лучше и знали больше, чем другие.

Задавайте вопросы на наших страницах в социальных сетях, мы читаем каждый комментарий!

В этом выпуске:

Барыс жылы бұрын-соңды болмаған төтенше оқиғаларымен есте қалды. Жер-жаһанда адамзатты алаңдатқан төтенше оқиғалар жиі болды деуге болалды.  

Әскери операция. Жер сілкіністері. Аптап ыстық. Сары аяз. Алапат өрт. Ұшақ апаты. Лаңкестер. 2022 жыл жеңіл болған жоқ.

Ресей Украинаға арнайы әскери операция жариялады. Ресей Украинаға қарсы өз әскери қимылдарын 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні бастады.

Наурызда Қытайдың таулы ауданында ішкі рейсті орындаушы Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. 132 адам опат болды. Құтқарушылар күл-паршасы шыққан қиындыны өз қолымен жинады. Ұшақтың не себепті істен шыққаны күні-бүгінге дейін  айтылған жоқ.

Еуропа елдерінде алапат өрттен мыңдаған адам қаза тапты    Мамырда Сенегал да перзентханада өрт шығып, 11 сәби мерт болды. Үлкенді-кішілі өрттен құтыла алмады.

Шілдеде Еуропа жұрты ыстық ауа райынан зардап шекті. Ауаның қысымы мен өрттен 15 мың адам өлді. Әсіресе Германия мен Испания қатты зардап шекті. ДДҰ бұл жазды «рекордтық ең ыстық» деді. Сынап бағанасы 45 градусқа жеткен. Аптап ыстықтан Испания мен Португалияның 90 пайыз аумағында құрғақшылық болды.

Ауғанстан, Сомали, Нигерия – терроризм актісі ең көп тіркелетін елдердің үштігі. Сомали астанасы Могадишода қазан айында қатарынан екі рет жарылыс болып, 100-ден астам адам ажал құшты. Сомали билігі «әл-Каиданы» айыптады. 

Сеулде қайғылы оқиға болды. 29 қазанда Хэллоуин тойлау кезінде 158 адам қаза тапты. Оңтүстік Корея билігі елде бір апта Ұлттық қаралы күн жариялады. Оқиға болған жерде 100 мыңнан астам адам жиналған, 137  полиция жұмыс істеп, халық нөпірін бақылай алмаған. Билік жұрттан жылап тұрып кешірім сұрады.

Зілзала. Қарашада Индонезияда, яғни Батыс Явада жер сілкініп, 318 адам ажал құшты. Бұл аймақта құрылыс сапасыз әрі халық тығыз орналасқан. 4 жарым мыңнан астам адам жарақаттанып, 20 мың үйдің күл-талқаны шықты.

2022 жылы әлемде 5 млн гектар жер өртенген. 66 миллион тұрғын қаза тапқан.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.