Статьи
Статьи - 2024 жылдың желтоқсан айына астрологиялық болжам
Выпуск от 02.12.2024
Читайте статьи на сайте КТК. Здесь у нас: полезная информация для казахстанцев, экспертные мнения, советы и лайфхаки, идеи для бизнеса и стартапов, подборки ресурсов для самообразования и развития, простые рецепты вкусных блюд и даже астрологические прогнозы.
Мы пишем статьи для того, чтобы вы получили больше информации, знали лучше и знали больше, чем другие.
Задавайте вопросы на наших страницах в социальных сетях, мы читаем каждый комментарий!
В этом выпуске:
2024 жылдың соңғы айы. Астрологтардың желтоқсанға жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің желтоқсан айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
2024 жылдың желтоқсан айына астрологиялық болжам.
Тоқты өз шеберлігімен және жетістігімен айналасындағыларды таң қалдырады. Сізге назар аударады. Адамдар сіз туралы айта бастайды. Бұл кәсіби саладағы жаңа бұрылыс пен мүмкіндіктер кезеңі. Жұмыс саяхатқа қатысты болса, ұсыныстар да жеткілікті болмақ. Бұрын ешқашан армандамаған таңдаулар пайда болады. Сіздің күшіңіз – бәсекелестеріңізден озып кету қабілетіңізде. Адамдармен байланыс орнату мүмкіндігі қаржылық жағдайда ілгерілеудің жолы болады. Ақша сізге сеніміңізді жоғалтқан жерден келеді. Ескі танысыңыз біреудің құпиясын ашады, бұл түсініксіз болып көрінген оқиғаның бетін ашады. Жағдайдың анықтығы жеке басыңызға пайда тұрғысынан әрекет етуге мүмкіндік береді. Танымал адаммен қарым-қатынас, туыстармен кездесулер күтіледі.
Торпақ өзінің жасаған мәлімдемелерінде әділетті болмайды. Бірақ өз ұстанымын қорғайды, басқа адамдарды өзінің ісі дұрыс екеніне сендіреді. Белгілі бір нәтижеге деген сенімі ерекше әрекет етуге мәжбүр етеді. Маңызды мәселелерді шешудің жаңа жолын іздейсіз. Күшті сезім мен жасырын кінәлі сезімдер жоққа шығарылмайды. Өткен күн ауыр салмақ салады, тынышын кетіреді. Бұл ретте қаржылық өсімге жақсы мүмкіндік туады. Ақша табудың жаңа жолын іздейді. Жақын туыстарымен кездесіп, маңызды мәселені талқылайды. Көңілі қалған кез де, шабыттанатын да кездер де болады. Бірақ сенімділік болмайды. Қысқа сапар тұрақты, ол да қажет. Мұқтажын және жақын адамының қамқорын сезіне отырып, шынымен жақсы көретін адамға деген шынайы алғыс сезіміне бөленеді.
Егіздер көп нәрсені аяқтауға ұмтылып, асығыс болады. Үнемі артта қалып, кешігіп жатқандай сезімде болмақ. Өзіне сыни қарайды. Осы кезеңде жоспары өзгеруі мүмкін. Бұрынғы келісімнен бас тартып, жаңа іскерлік серіктестікке ауысады. Кездесулер мен міндетті келіссөз болуы мүмкін. Қаржылық жағы өседі. Жағымды шығындар, сыйлық алмасу және мерекеге қатысу күтілуде. Ересек Егіздерге отбасылық қарым-қатынасты нығайту және өз ортасында түсіністік уақыты келді. Егер махаббат болса, сізді бақытты деп санауға болады. Басқа біреудің құпиясына сенген кезде, соның салдары туралы ұмытпаңыз. Желтоқсан айы атақты адаммен ажырасатын уақыт болуы мүмкін. Күш-жігер жұмсамай-ақ, қарым-қатынастың үзілуі жоққа шығарылмайды.
Шаян кез келген тәуелділіктен құтылу үшін бейхабар, білмеген-естімегендей, немқұрайлы кейіп танытатын болады. Басқа адамдардың сіздің уақытыңызды алып, өзіне назар аударту үшін белсенділігі жиіркентеді. Сізде одан да маңыздырақ істер бар. Бұл кезеңде сіз ақпараттың жетіспеуін сезінесіз, үнемі жаңалықтар контентін іздейсіз. Бұл өз бастамаңызбен үйренуге жақсы уақыт. Айтылғандардың бәрі ерекше маңызды болады. Көптеген іскерлік келіссөз болады, соның ішінде телефон арқылы да. Кез келген нәрсені аяқтауға байланысты мәселелер бойынша келісімге келу қиын болады. Бұл әсіресе ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларға және тоқтатылған шарттарға әсер етеді. Белгілі бір қаржылық биік деңгейде болғанда өзіңізді жақмы сезінесіз. Жақындарыңыздың қолдауы сіздің ең жақсы қорғанысыңызға айналады.
Арыстан кейбір мәселеде ол өзінің кемшіліктеріне ттәуелді екенін түсінеді. Егер бәсекелестеріңіздің жетістігіне тым көп мән бере бастасаңыз, қызғаныш қапқанына түсесіз. Бұл кезеңде рухани дамудағы жеке бастама арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Кейбір білім мен мүмкіндіктер жаңа қырынан ашылуы мүмкін. Белгілі бір атақты адамға жанашыр боласыз, оның қолдауы тағдырлы болуы мүмкін. Кәсіби тұрғыдан алғанда бұл қиын кезең. Құқықтық тұрғыда бірқатар қиындықты жеңу керек. Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты белгілі бір ханыммен жасырын жанжал болуы мүмкін. Аяғыңызды байқаңыз, табаныңыз ауыруы мүмкін. Ауырсыну, жарақат алуыңыз мүмкін. Жеке қарым-қатынаста бәрі ашық емес. Бірақ жағымды тосынсый мен жылы сөздер сізге қатты әсер етеді.
Бикеш бітпейтін күйбің тірліктен мезі болады. Желтоқсан бүгінгі өмірлік бағдарламаны оң бағыттай алатын қуаныш сыйлайды. Кейде не болып жатқанын басқару қиын болады. Таңдау жасау қажеттілігі тым жиілей түседі. Жақындарыңыздың қолдауы өте дер кезінде болады. Қаржылық жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл бағытта біраз әбігер болады. Бірақ қызығушылық танытсаңыз, барлық ақша мәселесі шешіледі. Белгілі бір мақсатқа арналған міндетті қысқа сапарды болдырмауға болмайды. Бұл жұмыс сияқты болады. Кейбір жағдайда достармен сөйлесу қиындық тудырады. Бірақ сонымен бірге мерекелік дастархан жайып, сыйлық аласыз. Кеңесі мен тәжірибесі сізге шынымен қажет болатын адаммен жақын боласыз.
Таразы үлкен ішкі күш пен егжей-тегжейге назар аударуды қажет ететін жұмысты аяқтай алады. Көшбасшылық орнында қалу үшін бәрін бақылауы керек. Ұзақ мерзімді іздеуде жігерлендіретін нәтиже болуы мүмкін. Пікірлестердің қолдауы дер кезінде болады. Келісімге қол жеткізуге болады. Шетелде болған маңызды оқиғаны жоққа шығаруға болмайды. Алда көптеген келіссөз бен маңызды кездесу күтіп тұр. Ұсақ-түйек оқиға көп болады. Бірақ ол сізге жағады. Жылдың соңғы айында шешіміне көп тәуелді болатын басты тұлға боласыз. Қаржылық аспект, шығынға қарамастан, айтарлықтай жақсарады. Көбінесе басқа адамдардың ақшасын пайдаланасыз. Мақсаттарыңыз әйгілі адамның мүддесімен сәйкес. Бірақ оны басқалардан жасыруға тырысасыз. Бұрынғы жоспардың аясында саяхатқа шығуыңыз мүмкін.
Сарышаян хабарды алыстан жақсырақ түсініп қабылдайды. Жаңа одақ, серіктестік, мүдделерді біріктіруге жақсы мүмкіндік туады. Басқа біреудің назарын аудара аласыз, кәсіби салада да, шығармашылық қоғамда да күшті өзара әрекеттестік желісін құра аласыз. Сізбен көптен бері байланысы жоқ туысыңыз хабарласуы мүмкін. Бұл бастама коммерциялық мәселені шешудің кілті болмақ. Қатысуға болатын әлеуметтік шара бар. Мүмкін мерекеге шақырады. Көбіне мерекеге бағытталған сапар болуы мүмкін. Табысты сатып алулар мен әдемі сыйлық күтілуде. Осы кезеңде сізге құнды, өте маңызды нәрсенің иесі боласыз. Жеке өмірде жағдай сол күйінде қалады. Егер жақын адамыңызбен бөлек болсаңыз, ол ұзаққа созылады.
Мерген туыстар арасында маңызды мәселені талқылайды. Өмір сүру жағдайын өзгерту туралы шешім қабылдауға болады. Осыған байланысты жаңарту, қосымша міндеттеме мен шығын болуы мүмкін. Іскерлік серіктестермен кездесу қажеттігі туады. Құжаттарға қол қойып, белгілі бір құжатты аласыз. Сіздің рөліңіз бірнеше мәлімет алады, олардың мағынасы отбасылық бағдарға қатысты болады. Кіші отбасы мүшелерімен жоғары байланыс болады. Кездесулер міндетті болуы мүмкін және әдеттегідей олмауы мүмкін. Бірақ желтоқсан айында кейбір жаңа жұмысты игеруге, болашақта ішінара мамандығыңызға айналуы мүмкін белгілі бір қызметтің мәнін түсінуге мүмкіндік болады.Қозғалыс әрекеттері маңызды болады. Кейбіреуге бұл күнделікті жұмыс жүктемесіне байланысты болмақ. Басқалары сыртқы келбетін жақсартуға назар аударады. Жеке өмірде жаңа ынталандырушы пайда болады.
Тауешкі жақындарының пікіріне ықпал ете алмайды. Даулы мәселелер мен маңызды келісімді көрсетпей талқылау да жоққа шығарылмайды. Сіздің мақсаттарыңыз басқа отбасы мүшелерінің қажеттілігіне қайшы келуі мүмкін. Сонымен қатар, сынға ұшырамай, олардың ұстанымын қабылдауға тура келеді. Шығу, туу, отбасылық құпия мәселесі, әсіресе әйелдерге өзекті болады. Белгілі бір мүдделі тұлғалар көптен бері жасырып келген ақиқат пен әділетке жете аласыз. Бұл кәсіби өсу үшін қолайлы уақыт емес. Бірақ қаржылық артықшылықтың арқасында позицияңызды нығайта аласыз. Ескі доспен кездесу сәтті болады, бұзылған қарым-қатынасты қалпына келтіру оңай болмақ. Күнделікті өмірде көптеген шабыттандыратын және қуанышты оқиғалар болады. Жаңарту өмір сүру жағдайында, таныс кеңістікті егжей-тегжей көрсетуде болмақ.
Суқұйғыш саяхатқа, кездесулерге және бұрынғы достарымен қарым-қатынасқа қатысты соңғы оқиғалардан шабыт алады. Жаңа әрекет жоспары болады. Бұрын қойған мақсатқа жету үшін қарапайым және қолжетімді шешімді қалай таппағаныңызға таң қаласыз. Сыртқы келбетіңізге, физикалық пішініңізге деген қызығушылық шынымен шынайы болады. Осы негізде жаңа пікірлес адамдармен серіктестік құруға болады. Желтоқсанда әріптестеріңіз бен серіктестеріңізге әсер етудің қосымша жолы болады. Идеяларыңыз бен мүмкіндіктеріңізбен басқаларды қызықтыра аласыз. Жаңа нәрсені қабылдай отырып, өзіңіз басқалардың идеяларымен айналыса аласыз. Жеке өміріңізде жаңа мүмкіндіктер ашылады. Оны пайдалану үшін уақыт керек. Қаржылық жағы біршама жақсарады.
Балық жақсылық іздеуді тоқтатып, барымен базар болмақ. Табысты жұмыс пен тұрақты өмірге қолайлы мүмкіндік болады. Бірақ жаныңыз жай тапппайтын жалғыздық сезіміне ауып, достардың тарапынан ұмыт қалғандай күйге түсесіз. Бұл сізді енді тартпайтын белгілі бір оқиғаларға немесе әрекеттерге қызығушылықтың жоғалуына байланысты болуы мүмкін. Құмарлық пен шабытыңызды жоғалтқан сияқтысыз. Бұрынғы бастамаларыңызды басқалардың қолына беруге дайынсыз. Бұл ретте қаржылық жағдай айтарлықтай қолайлы деңгейде қалып отыр. Сізді қызықтыратын шығын жоқ емес. Ұсақ-түйек жаңалықтар, көпшілікке маңызды емес шағын оқиғалар қуантуы мүмкін. Туыстар сізді немқұрайлылық пен сезімнің жоқтығы үшін кінәлауы мүмкін. Бірақ өзіңіздің жеке жайлылығыңызды бәрінен де жоғары бағалайсыз.
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Популярное
Последние выпуски
2024 жылдың желтоқсан айына астрологиялық болжам
2024 жылдың соңғы айы. Астрологтардың желтоқсанға жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің ...
Нұсқаулық: Пәтерді делдалсыз жалға алу
Пәтерді делдалдың көмегімен, әсіресе таныс риелторың болса немесе өз бетіңмен ыңғайлы пәтер жалдау қиын емес. ...
Күзгі жабырқау туралы не білеміз?
Күзгі жабырқау деген не? Күз мезгілінде адамдар неге жабырқау күйге түседі? Оның белгілері қандай? Жабырқау ...
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөйлеген сөзі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөйлеген сөзі. Президент өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте ...
Лайфхак: Пәтер сатып алу үшін қалай ақша жинау керек
Пәтер сатып алу үшін ақша жинау мүмкін бе? Неден бастау керек? Қандай қиындықтарды жеңу керек? ...
Пять критериев безопасного школьного ранца
Качественный, крепкий и самое главное безопасный – таким должен быть ранец любого школьника. Как такой ...
7 распространенных мифов о еде
«Беда – когда желудок упрямей, чем рассудок». Каким должно быть правильное питание? Сколько мифов и ...
2024 жылдың қыркүйек айына астрологиялық болжам
2024 жылдың қыркүйек айы. Астрологтардың қыркүйекке жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің ...
Жолдау: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ...