{metadescription}

Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Ведущая

Жазира Бегалы

Жазира Бегалы

Контакты

+77012080582; +77017157581; +77017157754; +77272583687
Dd@ktk-tv.kz
Дау-дамайсыз - Жалға алған үйдің жанжалы

Дау-дамайсыз - Жалға алған үйдің жанжалы

Выпуск от 20.09.2024

Что делать и как поступить, когда не работает закон? Если нельзя изменить его, то всегда можно изменить ситуацию. Правила просты: не жди от других, сделай сам! Все можно решить без скандала! Репортеры пытаются разобраться в непростых ситуациях обычных людей и помочь им.   

В этом выпуске:

Он жыл кезек күтіп, баспанаға қолы жеткен Қызылорда облысы Тереңөзек кентінің тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Айнұр Ілиясова «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды. Былтыр аудандық әкімдік баспана бергенде бөркін аспанға атқан келіншектің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Жаңа баспананың қабырғасы үгітіліп сылағы түсіп , үйді жылыту машақат. Бағдарлама жүргізушісі және авторы Жазира Бегалы кейіпкердің мәселесін шешу үшін Қызылорда облысына аттанды. Денсаулығы дәмкәс, қызы да, өзі де мүгедек жандардың түйіткілін «Дау-дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін атқамінерлер жедел шешіп, көпқабатты пәтерге көшірілді. Екі күнің ішінде Айнұр Ілиясова жалдамалы жер үйден пәтерге көшіп, мәселесі шешілгенде Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпқабатты үйдің тұрғындары хабарласты. 3 жыл бұрын жалға берілген үйдің құжаты жоқ. Көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмай әлек. Үш жыл бойы жұртты әуре-сарсаңға салған құжаттың машақаты «Дау-Дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін шешілді. 50 емес, көрші тағы үш қабатты үйдің 150 тұрғыны техникалық құжат рәсімдеуге мүмкіндік алды.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире