Лента новостей
Лента новостей - Қазақстанда өрт салдарынан қанша адам қайтыс болды
Выпуск от 05.02.2019
В этом выпуске:
ҚР Ішкі істер министрлігі өрттің салдарынан болған қайғылы оқиғалардың статистикасын жариялады.
Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, өткен жылы республика бойынша 14 567 өрт оқиғасы тіркелді. Ол бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 6 процентке төмен. Бірақ өрт салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 19 процентке өсіп, 434 адамға жетті. Бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 352 адам болған.
«Бұдан бөлек, өткен жылы 412 адам жарақат алды. Жалпы, материалдық шығынның көлемі 3,5 миллиард теңгеден асты», - деді Ю.Ильин.
Ал Астана қаласында былтыр 699 өрт оқиғасы тіркелді. Сол кезде 10 адам қайтыс болды. Олардың ішінде бір бала бар. 2019 жылдың басынан бері елордада 69 өрт оқиғасы болды. Бүгін қайғылы оқиғада қайтыс болған бес бала - биылғы жылдың алғашқы құрбандары.
Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді. ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Тергеу материалдарына сәйкес, үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алған. Вице-министр Юрий Ильин бес баланың өмірін жалмап кеткен өрттің алдын ала себебін де жариялады. Министрлік пеші бар әрбір үйге арнайы датчик орнатуға кеңес беріп отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Популярное
Последние выпуски
В Уральске спасатели МЧС извлекли собаку из колодца
В Уральске на улице Сдыкова в колодец упала собака и не могла выбраться. О происшествии сообщили неравнодушные граждане, ...
МЧС предупреждает об опасности нахождения на тонком льду
Министерство по чрезвычайным ситуациям РК напоминает о высокой опасности нахождения на тонком льду в зимний ...
В Экибастузе возбудили уголовное дело после обрушения потолка в ТРЦ Maxi Mall
Полиция возбудила уголовное дело после обрушения потолка в торгово-развлекательном центре Maxi Mall в Экибастузе. Инцидент произошел ...
Ақмола облысында екі браконьер ұсталды
Ақмола облысының Целиноград ауданында браконьерлік фактісі анықталды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ...
5-летний мальчик, пострадавший при нападении подростка, скоро может покинуть больницу
Состояние пятилетнего мальчика, ставшего жертвой нападения подростка, оценено как удовлетворительное, и он вскоре может быть ...
ДТП вблизи Кандыагаша: легковушка выехала на встречку и столкнулась с грузовиком
16 февраля на трассе Актобе – Астрахань произошла авария, в результате которой пострадали пять человек, ...
Мать осужденного наркокурьера призывает молодежь избегать опасных увлечений
Жительница Жамбылской области поделилась трагической историей о своем сыне, который оказался наркокурьером, и призвала молодежь ...
Пожар в кафе Рудного: огонь охватил 200 квадратных метров
Причины пожара выясняются. В городе Рудном загорелось кафе, расположенное в отдельно стоящем одноэтажном здании на улице ...
Алматыда бірқатар тұрғын үйде суық су өшіріледі
Алматының Бостандық ауданында жаңа су желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, 18 ақпанда ...