Лента новостей
Лента новостей - Коронавирус жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуына әкелуі мүмкін
Выпуск от 21.04.2020
В этом выпуске:
SARS-CoV-2 коронаровирусын жұқтырған адамдардың көбінде тамақтың ауруы, жөтелу, дененің ауырсынуы және дене қызуының көтерілуі секілді симптомдармен бірге, аурудың әлсіз білінетін ағымы байқалады.
Алайда кей пациенттерде өкпенің қатты зақымданатын ағымы да өрши бастайды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология кафедрасының жетекшісі, ммедицина ғылымдарының кандидаты Айсұлу Мұсағалиеваның айтуынша, коронавирус инфекциясынан таралған пандемия індеті кезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер ерекше топқа кіреді. Бүгінгі таңда жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастар коронавирусты оңай жұқтырады деген мәлімет жоқ. Дегенмен, кез келген инфекциялық процесс, оның ішінде коронавируспен туындаған инфекция жүрек-қантамыр ауруларының асқынуын одан да жоғары қауіппен өршітуі мүмкін.
«COVID-19 алғаш тіркелген Қытайдың мәліметтері аурудың күрделі түрі дамыған немесе оның салдарынан тіпті өлімге әкелген пациенттердің көбінде қант диабеті және артериялық гипертензия секілді ілеспелі патологиялардың болғандығын дәлелдеді. Қытайда болған өлімнің орташа саны COVID-19 ауыратын пациенттердің 2,4% құрады, ал артериялық гипертониясы бар пациенттерде ол 6%-ға, қант диабетінде 7,3%-ға өсті. Мұның нақты себебі әлі анықталмаған. Мүмкін, диабет те, гипертония ауруы да әсіресе егде адамдардың арасында кең таралуымен байланысты болар, себебі COVID-19-дан болатын өлім саны осы санаттағы адамдардың арасында жоғары болып отыр», - дейді дәрігер.
Пандемия кезінде артериялық гипертониясы бар науқастарға терапевт пен кардиологқа жоспарлы қаралып тексерілуді тоқтата тұру ұсынылады. Бастапқы медициналық ұйымдар мүмкіндігінше қашықтықтан консультация беріп және препараттарды үйлеріне жеткізуді қамтамасыз етуге тырысады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жоғары артериялық қысымды емдеуде кең қолданылатын кей препараттарды COVID-19 жағдайында пайдалануға болмайтындығы туралы мәліметтер пайда болды. Алайда бұл пікірлердің ешқандай ғылыми дәлелденген негіздері жоқ көрінеді. Еуропалық кардиологтар қоғамы, Британдық кардиологиялық қоғамы және Америкалық жүрек қауымдастығы секілді ірі медициналық қауымдастықтар антигипертензивтік препараттарды қабылдауды жалғастыруды ұсынады, себебі олардың оң әсері дәлелденген.
Қазіргі таңда осы вирустық инфекцияның алдын алуға арналған ерекше профилактикалық шаралар жоқ. Дегенмен дәрігер, инфекцияны жұқтырмас үшін мынадай ұсынымдарды орындауға кеңес береді:
> жұқтырған адамдардан алшақ жүру;
> мүмкіндігінше басқа адамдармен арадағы қашықтықты 2 метрге дейін сақтау;
> қолды жылы сумен жиі сабындап жуу (20 секундтан кем емес);
> жөтелген немесе түшкірген кезде ауыз бен мұрынды қол орамалмен немесе шынтақты бүгіп жабу;
> көз, мұрын және ауызға қол тигізбеу;
> жиі қолданатын заттарды: есік тұтқасы, шкафтың тұтқалары, электр қосқыштары және т.б. дезинфекциялау;
> үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын орындау.
Дереккөз: Baq.kz
Популярное
Последние выпуски
Полиция ЗКО раскрыла мошенничество с лотереей: ущерб составил 140 тысяч тенге
Сотрудники отдела Cyberpol департамента полиции Западно-Казахстанской области задержали жителя Атырауской области, который обманывал граждан, представляясь ...
Шесть граждан Бангладеш осуждены за незаконное пересечение границы Казахстана
В Жамбылском районном суде вынесли приговор шести гражданам Бангладеш, обвиняемым в незаконном пересечении государственной границы. По ...
В Омске открылся филиал Казахского национального университета имени аль-Фараби
Президенты Казахстана и России официально открыли филиал Казахского национального университета имени аль-Фараби в Омске. Торжественная ...
В Акмолинской области задержан мужчина, напавший на женщину-таксиста
Сотрудники полиции оперативно задержали жителя Астаны, напавшего на женщину-таксиста, сообщает Polisia.kz. Инцидент произошел 26 ноября ...
На вокзале Казалы полицейские задержали хулиганов, устроивших скандал в кафе
В Казалы транспортные полицейские задержали четверых местных жителей, устроивших хулиганскую выходку на вокзале, сообщает Polisia.kz. Инцидент ...
Полиция задержала афериста, обманывавшего таксистов
В Алматы задержан 32-летний мужчина, подозреваемый в серии мошенничеств. Как сообщает Polisia.kz, злоумышленник обманывал прохожих ...
Алматыда тағы жер сілкінді
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шкала бойынша жер сілкінісі 2 балды құрады. — ҚР ТЖМ ...
Полицейские в Косшы спасли ребенка, кричавшего в открытое окно на 5 этаже
27 ноября около 9 часов утра сотрудники блокпоста «Бекет» в городе Косшы, капитан полиции Данияр Мустафин ...
Токаев назвал визит Путина в Казахстан историческим событием
Президент Касым-Жомарт Токаев охарактеризовал визит российского лидера Владимира Путина в Казахстан как историческое событие и ...