Лента новостей
Лента новостей - Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе берілді
Выпуск от 24.05.2019
В этом выпуске:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты сақтаудың және оны әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
- Түркия бізге тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз бір-біріне өте жақын. Екі ел арасында визасыз режім енгіздік. Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Осы бағыттың жалғаса түсетініне сенімдімін, - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі аясында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың қажеттігін айтты.
- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарының арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатымен құрылған болатын. Бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Мен жан-жақты қолдау көрсетемін, - Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
М.Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, Режеп Ердоғанның жақын уақытта Түркияға келуге қатысты шақыруын жеткізді.
- Сіздің Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясының жетекшісі ретінде Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмыстарды белсенді жалғастырып жатқаныңызға қуаныштымыз. Сіздің Қазақстанды өркендету және екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне өлшеусіз еңбек сіңіргеніңізді жақсы білеміз, - деді Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі.
Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады. Соңында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.
Популярное
Последние выпуски
В Астане хотят сдвинуть рабочий график
Акимат столицы представил планы по снижению нагрузки на улично-дорожную сеть, сообщает Kazinform. Согласно данным акимата Астаны, изменение рабочего ...
Ерлан Карин провел встречу с Саидой Мирзиёевой
Государственный советник Республики Казахстан Ерлан Карин встретился с помощником президента Республики Узбекистан Саидой Мирзиёевой, прибывшей ...
Азамат Қасымов Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына белгілі журналист Азамат Қасымов тағайындалды. Азамат Әбілұлы 1985 жылы 8 ...
Курс доллара снизился на торгах в Казахстане
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 496,41 тенге, ...
Ақсеңгір – Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті
Оқиға 17 наурызда сағат 17:24-те болған. Ақсеңгір – Шамалған темір жол аралығында (Алматы – Отар учаскесі) ...
В Казахстане создано Агентство по атомной энергии
Касым-Жомарт Токаев подписал Указ «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан», сообщает Акорда. Данным Указом создано ...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі. Бұл туралы Ақорда мәлім ...
Состоялся телефонный разговор президентов Казахстана и Узбекистана
Президенты обменялись поздравлениями с наступающим весенним праздником Наурыз, пожелав братским народам мира и процветания. Глава нашего ...
Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылады – Жарлық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы ...