{metadescription}

Лента новостей

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Лента новостей - Головкиннің алдағы жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Выпуск от 27.05.2019

В этом выпуске:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектің уақыты белгілі болды.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі Ұлыбритания уақытымен 04:00-де басталады. Қазақстан уақыты бойынша 9 маусымда, сағат 09:00-де басталады. Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек DAZN-мен үш жылдық келісім-шарт бойынша бірінші айқас болмақ. Сондай-ақ, GGG жаңа жаттықтырушы Джонатан Бэнкспен бірге бірінші жекпе-жекке шығады.

Осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық спортшы Әли Ахмедов орташа салмақ дәрежесінде (14-0, 10 КО) өнер көрсетеді. Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды. Ал Роллс үшін бұл оның 20-айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс

Вчера

15 марта

14 марта

13 марта

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.