Лента новостей
Лента новостей - Автокөлік утильалымы 50 пайызға дейін төмендетіледі
Выпуск от 23.02.2022
В этом выпуске:
Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.
«Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раундын өткіздік. Оларды Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, өтірік сарашылар, автомөндірушілер, бәрі-бәрі қатысты. Әрине, пікір өте көп. Елімізге шетелдік ескі-құсқы көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.
Дегенмен, ол утильмалымға қатысты теңгерімді шешім қабылданғанын атап өтті.
«Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяда Үкіметті кеңейтілген отырысында утильалым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.
«Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Белаурь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан, Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильалым бойынша ұсыныс дайындау керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Популярное
Последние выпуски
Карета скорой помощи застряла в снегу в Караганде
Сотрудники МЧС пришли на помощь. «В г. Караганде в микрорайоне Шахтерский возвращаясь с вызова автомобиль скорой ...
Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы төңірегіндегі дау: Саясат Нұрбек жауап берді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы төңірегіндегі дауға жауап берді, деп ...
Затор на трассе в Жамбылской области спровоцировало ДТП – «КазАвтоЖол»
Водитель грузового автомобиля не справился с управлением и выехал на обочину, полностью перегородив дорогу для ...
9 млн бюджетных тенге похитила бухгалтер детсада в Акмолинской области
Прокуратурой Жаксынского района проведена проверка в деятельности детского сада «Болашак». Проверкой установлены факты хищения бухгалтером бюджетных ...
Активные противопаводковые работы ведутся в Астане
Аким Астаны Женис Касымбек рассказал о проводимых противопаводковых мероприятиях, сообщает Zakon.kz. В городе продолжаются активные противопаводковые ...
Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды
Өскемен қаласында өртенген жер үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды, деп жазады kazinform. Қаладағы жер үйлердің ...
Сохранение Северного Арала: какие результаты будут достигнуты в текущем году
Совместно со Всемирным банком разрабатывается технико-экономическое обоснование проекта восстановления северной части Аральского моря. Об этом ...
Алмаса Кишкенбаева доставили в полицию? Что известно
В социальных сетях появились данные о том, что Алмаса Кишкенбаева якобы доставили в полицию. Журналисты Tengrinews.kz обратились ...
Мужчину расчленили в Жезказгане
Об этом сообщает пресс-служба департамента полиции Улытау. «30 января в доме по улице Байконурова было совершено убийство ...