Лента новостей
Лента новостей - 4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза бар екенін түсіндірді
Выпуск от 16.06.2022
В этом выпуске:
ҚР Бас прокуратурасы қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қыз алып қашу - салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол - қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісімнің барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе - бұл ауыр қылмыс саналады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы - адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді» деп мәлім еттіБас прокуратурадан.
Ведомство хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза - 15 жылға соттау.
Оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
«Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады» делінген хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы - 18.
Популярное
Последние выпуски
Крупный строительный объект оштрафован за нарушение экологических норм в Алматы
В Алматы в рамках акции «Таза Қазақстан» был выявлен крупный строительный объект, функционирующий с нарушением ...
Биыл адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелді - ІІМ
Жылдың басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді. Бұл туралы елордада адам саудасына қарсы іс-қимыл ...
Бектенов италиялық компания басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл қаңтарда Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан–Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында ...
Алдағы тәулікте 23 градусқа дейін аяз болады -Қазгидромет
Қазгидромет алдағы 3 күндегі ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны ...
В Алматы усилены меры по борьбе с гололедом после ночных осадков
В городе ночью прошел дождь, который утром перешел в мокрый снег в горных и предгорных районах. ...
В Казахстане выявлены школы, нарушающие требования по лицензированию образования
В стране оштрафовано около 60 школ за отсутствие лицензии на образовательную деятельность, сообщает пресс-служба Министерства просвещения. По ...
Энергетикалық сусын халал ма – ҚМДБ шешімі
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Ғұламалар кеңесі энергетикалық сусынның ағзаға әсері мен шариғат тұрғысынан түсініктеме беріп, ...
Влияние смартфонов на школьников: мажилисмен предлагает новые меры
Депутат Мажилиса Асхат Аймагамбетов заявил, что исследования показывают негативное влияние использования смартфонов в школах на ...
В Астане внедряют программу «STOP буллинг» для предотвращения насилия в школах
В столице прошло совещание, посвященное вопросам обеспечения безопасности детей в образовательных учреждениях. В мероприятии, организованном акиматом ...