Лента новостей
Лента новостей - Латиф Хамидидің «Бұлбұл» романсы АҚШ-тағы халықаралық вокалистер байқауында бірінші орын алды
Выпуск от 13.02.2024
В этом выпуске:
Қазақ композиторының танымал шығармаларының бірін оныншы сынып оқушысы Аделина Мұхаметжанова орындады.
Осылайша 16 жастағы Қазақстан азаматшасы Аделина Мұхаметжанова американдық тыңдаушыларының жүрегін жаулауды жалғастырып жатыр: ол АҚШ-тағы Миннесота штатындағы мектепке 2022 жылы қабылданғаннан кейін, бүкіл Америкадағы 9 вокальдық конкурсқа қатысса, оның көпшілігінде жүлделі орындарға ие болып келеді.
Өткен демалыс күндері ақтық сынға шыққандарды анықтаған «Radda Rise International Piano and Vocal Competition» халықаралық байқауы да осы табыстардың қатарынан табылып, бұл байқауда да Аделина қазылар алқасының бірауызды шешімімен Латиф Хамидидің «Бұлбұл» композициясымен бірінші орынға ие болды.
Қазылар алқасының мүшесі, беделді Saint Thomas Choir School вокальдық оқытушысы, Manhattan School of Music Precollege вокал факультетінің мүшесі Джузеппе Сполетини: «Аделина - виртуозды орындаушы және мен оның техникалық жағынан өте күрделі композицияны таңдап, әрқайсымызға естен кетпестей әсер сыйлады дегеніме баршаның келісетіне сенемін. Менде бұл әннің не туралы екендігі жайлы мүлде түсінік жоқ. Бірақ ол мені әрбір нотаны сезінуге мәжбүрледі. «Бұлбұл» тағы да және тағы да орындалуы тиіс!», - деді.
«Байқауға мен 3 композиция ұсындым, және қазақтың академиялық классигіне ілтипат білдіріліп, осындай жылы лебіздер естігеніме өте қуаныштымын. Оған қоса менің бәсекелестерім өте мықты болды: 3-орын американдық өнер және музыка саласындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі The Julliard School студентіне берілгенін білемін. Әрине, осындай жеңіс бұдан да көп еңбектенуге құлшындырады», - дейді Аделина.
Сонымен Аделина Мұхаметжанова 7 жылдан астам уақыттан бері академиялық вокал бойынша білім алып келеді, оның ұстазы – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасының доценті Гүлнар Нұрғалиева.
2020 жылы Аделина Қазақстан Республикасындағы ең жас үміткер ретінде шығармашылық жетістіктері үшін «Жыл таңдауы» сыйлығымен марапатталды.
2019 жылдың желтоқсанында Аделина жеңімпаз ретінде Карнеги Холлда өнер көрсетті, ол бұл концертке American Protege байқауының жеңімпазы ретінде шақырылған болатын. 2018 жылы қазақстандық оқушы қыз Италияда Festival & Contest қауымдастығының президенті Кристиан Карочетидің арнайы жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ, жас өнерпаз – атақты халықаралық Sanremojunior байқауының жүлдегері (Сан-Ремо, Италия), Орыс әндері халықаралық фестиваль-байқауының финалисі (Лондон, Ұлыбритания), Зарина Алтынбаеваның «Prima Nota Fest» республикалық байқауының , Елена Образцова байқауларының жеңімпазы, Central Asia Got Talent шоуының қатысушысы (Қазақстан, 2022).
Популярное
Последние выпуски
В Казахстане начала работать система прогнозирования паводков Tasqyn
Система прогнозирования и моделирования паводков Tasqyn успешно введена в эксплуатацию, сообщает пресс-служба Министерства водных ресурсов ...
Задержано четверо казахстанцев по делу о пропаганде терроризма
В Алматы, Шымкенте и Туркестанской области задержано четверо граждан Казахстана по делу о пропаганде терроризма, ...
Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды
Жомарт кенішінде қаза тапқан жеті кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform. Жақында авариялық-құтқару топтары қираған ...
ҰҚК: Желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды
ҰҚК Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. 2025 жылғы 17 ...
Ақылы жолдар неге көбейіп жатыр
Қазір елімізде 3,6 мың шақырым автожол ақылы негізде қызмет етеді. Ал жыл соңына дейін бұл ...
Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақылауға алынады
Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен интернетте жарнама жасайтын желі қолданушылардың табысын бақылайды. — Камералдық бақылауға тек ...
Прокуратура Карагандинской области направила в суд дело по факту трагедии на шахте Костенко
Прокуратура Карагандинской области направила в суд 106 томов уголовного дела, связанного с гибелью работников на ...
Семь жертв обрушения на руднике «Жомарт» — имена погибших
17 февраля на руднике «Жомарт», принадлежащем корпорации «Казахмыс», произошло обрушение, в результате которого погибли семь ...
В Мангистау оштрафовали отца, чья дочь пропустила 17 дней занятий
В Мангистауской области мужчину привлекли к ответственности за пропуск занятий дочери в школе. Специализированный межрайонный суд ...