Лента новостей
Лента новостей - «Хелен» дауылынан 40-тан астам адам мерт болды
Выпуск от 28.09.2024
В этом выпуске:
Дауыл алдымен Флоридаға жетіп, кейін солтүстікке қарай – Джорджия, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға жылжыды, деп хабарлайды BBC.
АҚШ-тың оңтүстік-шығысын шарпыған «Хелен» дауылы салдарынан кемінде 43 адам қаза тауып, миллиондаған адам жарықсыз қалды.
Метеорологтар жел екпіні, қатты жаңбыр мен торнадо қаупі сейілмегенін ескертеді. Дауыл аймағындағы үйлер мен жолдарды жартылай су басқан.
«Хелен» дауылы – қуаттылығы бойынша екінші орында тұрған, жел жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жететін 4-ші санаттағы дауыл. АҚШ-тың Дауылдарды бақылау Ұлттық орталығының мәліметінше, «Хелен» 24 сағат ішінде басылуы тиіс, бірақ қатты жел, су тасқыны және көшкін қаупі сақталады.
«Хелен» Құрама Штаттарда дауыл қуаттылығы рейтингінде 14-ші орынға ие болды. Бұл ретте оның ені 675 км-ге жетеді және бұл тарихтағы үшінші көрсеткіш – одан ауқымды болған алапат дауылдар 2017 жылы соққан «Ида» және 1996 жылы соққан «Опал».
Флоридада жұмадан бері кем дегенде сегіз адам қайтыс болды. Джорджия губернаторы Брайан Кэмптің хабарлауынша, штатта дауыл салдарынан кем дегенде 15 адам, оның ішінде бір құтқарушы қаза тапқан. Кэмп құтқару жұмыстарына Ұлттық гвардияның 1000 мүшесін жұмылдыруды бұйырды. Губернатордың айтуынша, штатта 150-ден астам жол жабық, 1300 бағдаршам істен шыққан, кейбір ғимараттарда адамдар қалып қойған.
CBS News мәліметінше, Оңтүстік Каролинада кем дегенде 17 адам қаза болды. Солтүстік Каролинада екі адам және Вирджинияда бір адам қаза тапқаны туралы хабарланды.
БАҚ-тардың жазуынша, Теннесси штатына қарасты Эрвин қаласында 58 пациент пен қызметкерлер аурухананың шатырына шықты, ауа райының қолайсыздығына байланысты оларды бастапқыда қайықтармен немесе тікұшақтармен эвакуациялау мүмкін болмады. Кейін адамдарды полиция мен Ұлттық гвардияның тікұшақтары ғимарат төбесінен алып кетті.
Сақтандыру компаниялары «Хелен» келтірген шығынды миллиардтаған долларға бағалады.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Елордада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды
Астанада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, бірнеше адам жарақат алды. Қалалық денсаулық ...
Петропавлда бозбаланы жүргінші жолағында жүк көлігі қақты
Петропавлда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қақты. Солтүстік Қазақстан облысы полиция ...
Взрыв газового баллона произошел в пристроенном к жилому дому кафе в Астане
Об этом сообщает пресс-служба МЧС РК. «В Алматинском районе по ул. Акыртас произошел взрыв газового баллона ...
Дети падали в обморок: 2 учителя использовали перцовый баллончик в школе
В Северо-Казахстанской области двое учителей распылили перцовый баллончик в фойе здания школы, сообщает Tengrinews.kz. Инцидент произошел ...
«Вымогали деньги у 15-летней девочки»: алматинских школьниц взяли на учет
Алматинских школьниц, которые вымогали деньги у 15-летней сверстницы, взяли на учет. Об этом Tengrinews.kz сообщили ...
Генпрокуратура и НОК заключили меморандум о взаимодействии
Между генеральной прокуратурой и Национальным олимпийским коммитетом (НОК) заключен меморандум о взаимодействии по вопросам обеспечения ...
«Хелен» дауылынан 40-тан астам адам мерт болды
Дауыл алдымен Флоридаға жетіп, кейін солтүстікке қарай – Джорджия, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға жылжыды, ...
В Атырау спасен человек, прыгнувший с пешеходного моста в воду
На пульт 112 поступило сообщение о том, что неизвестный человек прыгнул в воду с пешеходного ...
Первый вертолетный туристический маршрут протестировали в Бурабае
Экскурсионный туристический полет будет осуществляться на вертолетах малой авиации, вместимостью до 3 пассажиров. С наступлением ...