{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынады

Лента новостей - 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынады

Выпуск от 07.11.2024

В этом выпуске:

Австралия үкіметі келесі жылдың аяғында 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу туралы заң шығаруы мүмкін.

Сингапурдың 8world.com ақпарат құралдарының хабарлауынша, Австралия премьер-министрі Энтони Албанесе жақында өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететінін атап өтті.

Сондықтан Австралия үкіметі қазіргі уақытта балалардың әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануына жол бермеу үшін өте қатаң шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Тиісті шаралар жас шектеулерін орнатуды қамтиды.

Facebook, Instagram, TikTok, X және YouTube сияқты негізгі әлеуметтік медиа платформаларына Австралия үкіметі шектеу қоюы мүмкін.

Дереккөз: Kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.