Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Выпуск от 07.11.2024
В этом выпуске:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.
Мемлекет басшысы Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұған жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтері мен парламенттерінің үйлесімді жұмысы айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Әңгімелесу барысында Ресей президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне айрықша мән берілді.
«Біз алдағы сапарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бұл мемлекетаралық байланыстардағы айтулы оқиға болады деп санаймыз. Екі елдің ынтымақтастығы үлгі тұтарлықтай және қарқынды дамып келеді. Осы сапар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа тың серпін береді», – деді Президент.
Өз кезегінде Сергей Лавров Ресей мен Қазақстанның көпжақты ықпалдастығы, соның ішінде алдағы сапардың күн тәртібі үкіметтер мен сыртқы саясат ведомстволары арасында егжей-тегжейлі пысықталып жатқанын жеткізді.
Ресей Сыртқы істер министрі Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 80 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Аталған жиын дипломатиялық ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланған.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров өңірлік және халықаралық күн тәртібі, сондай-ақ көпжақты құрылымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы әріптестіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Популярное
Последние выпуски
15 человек остались в неисправном автобусе на трассе в Карагандинской области
Резкая перемена погодных условий застала многих в дороге. Так и пассажиры автобуса, следовавшего из Ташкента ...
Елордада қатты жел: тәулік ішінде 100-ден аса жол апаты болды
Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды жолда мұқият болуға шақырады. «Өткен тәулікте елордада ...
Санкции против шести казахстанских компаний ввела Великобритания
Сегодня, 7 ноября 2024 года, Великобритания объявила о введении новых санкций против российского военно-промышленного комплекса. ...
Низовая метель в Астане: столичный ДЧС обратился к жителям
В Астане продолжаются сильный ветер и метель. В городском ДЧС просят водителей быть предельно осторожными ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Алматыда сот шешімімен тағы бір құрылыс нысаны бұзылып жатыр. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, ...
Павлодардағы дауыл: жекелеген аумақтарда төтенше жағдай режимі жарияланады
Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында ...
В Астане отключат отопление и горячую воду
Сообщение распространило АО «Астана-Теплотранзит». «8 ноября в Есильском районе Астаны будет отключение теплотрассы с 08:30 по ...
Презимдент Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология туралы келісімге қатысты заңға қол қойды
Ақорда Презимденттің Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология туралы келісімге қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді. «Мемлекет ...
15 зданий остались без крыши из-за ветра в Павлодарской области
По информации ДЧС региона, 15 зданий, среди которых больницы, школы, частные и многоквартирные дома, мечеть ...