{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр

Лента новостей - Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр

Выпуск от 07.11.2024

В этом выпуске:

Алматыда сот шешімімен тағы бір құрылыс нысаны бұзылып жатыр.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, Курильская көшесі,11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат сот шешімімен заңсыз деп танылды. 

«Бұған дейін басқарма өкілдері Danil тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама жолдады. Талаптар орындалмағандықтан басқарма нысанды бұзу үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді», - хабарлады басқармадан.

Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Алматыда өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылды.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире