Лента новостей
Лента новостей - Ауа райының нашарлауына байланысты үш өңірде жолдар жабылады
Выпуск от 21.11.2024
В этом выпуске:
Ауа райының нашарлауына байланысты тағы үш өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басапасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 21 қарашада сағат 17:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 21 қарашада сағат 17:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолдарды 2024 жылғы 22 қараша сағат 08:00–де ашу жоспарланған», — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 2024 жылғы 21 қарашада сағат 18:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1426-1457 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Қарағанды қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
«Қазгидромет» болжамдарына сәйкес ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (көрінудің шектелуі, үстіңгі қар, бұрқасын, көктайғақ), автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды және республикалық маңызы бар а/ж 10 учаскесінде (Ақмола, Қарағанды) жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелді. Павлодар облысында жабу жоспарлануда», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», — деп ескертті ведомство.
Популярное
Последние выпуски
Полицейские спасли пенсионерку с инсультом в Тобыле
В городе Тобыл Костанайской области полицейские проявили смелость и решительность, спасая 71-летнюю женщину, у которой ...
В Алматы на мусорных площадках установят видеокамеры
В Алматы в следующем году обновят 800 мусорных площадок. Об этом сообщил аким города Ерболат ...
Реформирование судебной системы: президент подписал закон
Президент Касым-Жомарт Токаев подписал закон, направленный на реформирование судебной системы и совершенствование процессуального законодательства. «Главой государства ...
Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалауға қатысты заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау ...
Экологи проверяют экибастузскую ГРЭС-1 после остановки энергоблока
Специалисты департамента экологии Павлодарской области выехали на экибастузскую ГРЭС-1, после кратковременного выхода дымовых газов из смотровых люков ...
Системы фиксации нарушений ПДД установили на кареты скорой помощи и автобусы в Атырау
В Атырауской области стартует новый пилотный проект, направленный на повышение безопасности дорожного движения, сообщает Polisia.kz. В ...
Ауа райының нашарлауына байланысты үш өңірде жолдар жабылады
Ауа райының нашарлауына байланысты тағы үш өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік ...
Нацбанк выпускает в обращение коллекционные монеты ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI и FATIMA QOLY
Монеты ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI – из серии «Мечети и соборы Казахстана», FATIMA QOLY – из серии «Магические ...
2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық ...