Лента новостей
Лента новостей - Энергетикалық сусын халал ма – ҚМДБ шешімі
Выпуск от 22.11.2024
В этом выпуске:
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Ғұламалар кеңесі энергетикалық сусынның ағзаға әсері мен шариғат тұрғысынан түсініктеме беріп, шешім жариялады.
«Энергетикалық сусын – құрамында кофеин, қант, психостимуляторлық заттардың қоспалары (матеин, гуарана, женьшень, шөп сығындылары, цикламат, сахарин, сукралоза) бар, орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететін психикалық және адамдардың денсаулығына әсер ететін, тәуелділікті тудыратын газдалған алкогольсіз немесе алкоголі аз сусын», - деп түсіндірілген ресми ақпаратта.
Энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді деп екіге бөлінеді:
- алкогольді энергетикалық сусындар. Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады. Пайғамбарымыз «Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам», деп айтқан.
- алкогольсіз энергетикалық сусындар. Кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі. Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады.
«Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне тағы сол сияқты) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», - делінген хабарламада.
Шешім:
- Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат.
- Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам.
- Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 22 қараша ...
Один человек госпитализирован с подозрением на сибирскую язву в Атырау
17 жителей Атырау, контактировавших с погибшей от сибирской язвы коровы, находятся на карантине. Одного из ...
Несколько сел упразднят в Казахстане
Об этом сообщает Tengrinews.kz со ссылкой на сайт «Открытые НПА». Согласно документу, акимат Актюбинской области и областной маслихат ...
Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен ...
Реформы жилищной политики: президент подписал закон
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по вопросам реформирования жилищной политики, сообщает пресс-служба Акорды. Закон направлен ...
Функциональную грамотность проверят у казахстанских школьников
С 18 ноября по 25 декабря 2024 года в тысяче организаций образования проходит международное исследование ...
Ақтөбеде мүгедектігі бар 500 адам баспана алу құқығынан айырылған
Ақтөбе қалалық прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші ...
Подозреваемый в изнасиловании приемной дочери совершил суицид в Павлодарской области
Сообщается, что факт надругательства выявили, когда девочку вернули обратно в детский дом, сообщает Kazinform. В управлении образования рассказали, ...
Шымкентте жекеменшіктегі кейбір әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр
Шымкентте ертеректе әртүрлі жолмен жекеменшікке өтіп кеткен әлеуметтік маңызды нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр. Бұл туралы ...