Лента новостей
Лента новостей - Шымкентте жекеменшіктегі кейбір әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр
Выпуск от 22.11.2024
В этом выпуске:
Шымкентте ертеректе әртүрлі жолмен жекеменшікке өтіп кеткен әлеуметтік маңызды нысандар мемлекетке қайтарылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.
«Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан тағы бір маңызды бастамамыз бар. Ертеректе әртүрлі жолдармен әлеуметтік маңызды нысандар жекеменшікке өтіп кеткен. Осы нысандардың барлығына зерделеу жүргізіліп, бірқатар меншік иелері тарапынан мақсатсыз пайдалану және талаптарды орындамау фактілері анықталды. Біз тек жұмысы заңға қайшы нысандарды мемлекетке қайтару мәселесін көтердік. Ал, жұмысы адал, өз міндеттемелерін мерзімінде орындап жатқан меншік иелеріне алаңдауға негіз жоқ. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қаладағы бұрынғы «Фосфоршылар сарайын» мемлекет меншігіне қайтарып, ғимарат жарамсыз болуына байланысты бұзу жұмыстары аяқталды. Алдымыздағы жылы демеушілер есебінен орнына жаңа мәдени нысан салу көзделуде», - деді қала басшысы.
Сондай-ақ, ол биыл қысқы спорт түрлерімен шұғылданатын жекеменшік иелігіне өткен қаладағы жалғыз «Мұз сарайының» 67 пайыз үлесі мемлекет меншігіне өткенін айтты. Бұл дегеніміз ендігі жерде нысанның басқару құқығы мемлекетке тиесілі екенін білдіреді.
«Сондай-ақ, өз міндеттерін орындамаған жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген №2 қалалық емхананың келісім шартын бұзып, мемлекетке қайтардық. Сол сияқты міндеттемені орындамаған сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген «Орталық су спорт кешенін» мемлекетке қайтару бойынша сотта талап арыз қаралуда. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысын ескеріп, коммерциялық бағытқа пайдаланып келген «Қиял әлемі» технопаркі және «Кең баба» саябағын мемлекет меншігіне қайтарып, демеушілер есебінен қайта абаттандыру жұмыстарын қолға алдық. «Қиял әлемі» саябағына іргелес жатқан аумақта құрылысы аяқталмаған сауда орталығының жері мемлекетке қайтарылды. Енді құрылыс нысанын бұзу бойынша іс сотта қаралуда. Сол сияқты «Су Ресурстары Маркетинг» ЖШС-н жекешелендіру құжаттарын зерделеу барысында бірқатар кемшілік анықталды. Мекеменің жұмысына да қатысты бірқатар мәселе бар. Бүгінде заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді ол ОКҚ алаңында.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Женщина из Риддера признана виновной в хищении бюджетных средств на сумму 9 млн тенге
33-летняя жительница Риддера, работавшая бухгалтером в детском саду, была осуждена за хищение бюджетных средств. Женщина, имея ...
Қазақстанда заңды тұлғаларды тіркеу ережелері өзгереді
Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеу туралы мемлекеттік қызмет қағидаларына түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында ...
Полицейские раскрыли сеть распространителей запрещенных веществ в Астане
В ходе проведения оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок» сотрудники полиции задержали двоих 19-летних жителей столицы, у которых ...
Павлодар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар ауданының активіне жаңа әкім Дидар Ибраевты таныстырды. Бұл туралы ...
Полицейские за сутки нашли пропавших лошадей
В Костанайской области благодаря оперативной работе полиции были возвращены украденные лошади. Все началось с обращения местного ...
Друзья по преступлению: двое мужчин из Кокшетау попались на наркозакладках
Дружба привела к преступной деятельности: в Кокшетау задержаны двое мужчин, занимавшихся распространением наркотиков, сообщает Polisia.kz. В ...
В Уральске полицейские спасли девушку, прыгнувшую с моста
Сотрудники полиции, подполковник Ернур Бериккалиев и майор Арсен Самиев, предотвратили трагедию, проявив профессионализм и решительность. ...
Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды
Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. «Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс ...
В Туркестане осудили руководителя ветеринарной службы за злоупотребление полномочиями
Руководитель ГКП на ПХВ «Ветеринарная служба» областного управления ветеринарии Бегманов Б. признан виновным в злоупотреблении ...