Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға қол қойды
Выпуск от 22.11.2024
В этом выпуске:
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді.
Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады.
Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.
Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған.
Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды.
Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Популярное
Последние выпуски
Почтальон оформлял кредиты на пенсионеров в Костанайской области
В Костанайской области полицейские раскрыли серию мошенничеств, совершенных почтальоном, который обманным путем оформлял кредиты и ...
Президент ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, ...
Мужчина, избивший бывшую супругу и детей, осужден в Актобе
Об этом сообщает Polisia.kz. «Житель Актобе в состоянии алкогольного опьянения пришел к своей бывшей жене и ...
Часть улицы Сатпаева вновь перекроют для движения в Алматы
В городе состоится большая сельскохозяйственная ярмарка, сообщает пресс-служба акимата. «23-24 ноября с 08:00 до 17:00 в ...
Осуждены машинисты тепловозов, укравшие дизтопливо на 16 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудниками департамента полиции на транспорте совместно с Главной транспортной прокуратурой и АО ...
Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың көшкін қаупі бар 55 учаскесіне аэровизуалды тексеру жүргізілгенін хабарлады. Атап ...
Владелец станции техосмотра привлечен к ответственности после смертельного ДТП в Костанайской области
Об этом сообщает Polisia.kz. В августе водитель автомобиля Mercedes-Benz сбил пешехода, который от полученных травм скончался ...
Полиция начала расследование по факту взрыва в котельной в Абайской области
Напомним, 22 ноября около 10:30 в котельной, расположенной в Урджарском районе, произошел взрыв печи. В ...
Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 22 қараша ...