Лента новостей
Лента новостей - Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
Выпуск от 25.11.2024
В этом выпуске:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берілді.
Мемлекет басшысына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері ұсынылды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді.
Светлана Жақыпованың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр.
Президентке халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды. Министрдің айтуынша, биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы баяндалды. Аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді.
Министр еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру және әлеумет және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Популярное
Последние выпуски
В Атырауской области на возвращенные активы построят школу
В селе Жамансор Кызылкогинского района Атырауской области построят новую школу на 150 мест за счет ...
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 26, 27 және 28 қарашада ауа райы қандай болатынын ...
Как не стать жертвой мошенников: Жетысу потерял 516 миллионов тенге
Сотрудники Управления криминальной полиции Департамента полиции Жетысу сообщили тревожную статистику: в этом году материальный ущерб ...
Президент дал поручения по усилению территориальной обороны и Сил специальных операций
Касым-Жомарт Токаев принял министра обороны Руслана Жаксылыкова, который отчитался о деятельности оборонного ведомства в 2024 ...
Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы ...
Туркестанская область укрепляет безопасность с помощью цифровых технологий
В департаменте полиции Туркестанской области прошла встреча руководителей силовых структур, на которой обсудили внедрение цифровых ...
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берілді. Ержан Сәденовтің айтуынша, жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі ...
Раннее выявление синдрома Дауна: в Казахстане доступен инновационный тест
В Казахстане внедрили инновационный тест, который позволяет женщинам на ранних сроках беременности узнать о возможных ...
Бензин бағасы өсуі мүмкін бе – Энергетика министрінің жауабы
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы уақытта бензин бағасы өсуі мүмкін екенін айтып, оның негізгі ...