Лента новостей
Лента новостей - Павлодар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Выпуск от 26.11.2024
В этом выпуске:
Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар ауданының активіне жаңа әкім Дидар Ибраевты таныстырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Павлодар ауданын 2023 жылдың қаңтарынан бастап басқарған Николай Дычко өз еркімен қызметінен босатылды. Облыс әкімі осы уақыт ішінде қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті: Қаракөл және Богдановка ауылдарында орталық су құбыры салынды, Чернорецк ауылындағы су құбыры қайта жаңартылды, 11 шақырымнан астам кірме жолдарға асфальт төселді, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23 үй сатып алынды. Әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлінді.
— Өздеріңіз білетіндей, Сычевка ауылында апатты жағдайда болған мектептің орнына жаңа мектеп салынды, 2 мектеп, 3 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді, аудан тарихы мұражайы ашылды, балалар алаңдары мен шағын футбол алаңдары орнатылды, — деді өңір басшысы.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, өңір басшысының өкімімен Павлодар ауданының әкімі болып Дидар Ибраев тағайындалды.
Дидар Елубекұлы 1992 жылы Железин ауданында дүниеге келген.
2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органында бастаған.
2015 жылдан бастап ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің атқарушы және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап жергілікті атқарушы билік органдарында еңбек етеді.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Дидар Елубекұлы президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады. 2020 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағын алды.
Фото: Валерий Бугаев
Асайын Байханов облыстың ең ірі аудандарының біріне тағайындалған жаңа басшының алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды.
— Аудан инвестиция тарту әлеуетіне ие. Алайда, өкінішке қарай, АӨК, әлеуметтік және туристік салаларға, аудан үшін стратегиялық өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту жұмыстары өте төмен деңгейде, — деді облыс әкімі.
Өңір басшысы инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Павлодар ауданының әкімдігі биыл 10 айының қорытындысы бойынша тиімділік рейтингінде аутсайдер болып отыр.
— Биылғы жылы ауданның кейбір мемлекеттік қызметшілері тікелей функционалдық міндеттерін орындаудың орнына сотты жағалап кетті. Бұл мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы сенімі мен беделіне нұқсан келтіреді. Бүгінгі таңда ауданда 9 бос жұмыс орны бар. Бизнес-процестерді дұрыс құру, қолда бар бос жұмыс орындарына конкурстар жариялау қажет. Кадр саясаты нақты тұжырымдалып, барлық қызметкерлер үшін ашық болуы керек, — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, мәселе туындаған нысандармен айналысып, пайдалануға беру қажет: Кеменгер ауылындағы дене-шынықтыру сауықтыру кешені, шағын орталыққа арналған Заңғар мектебіне қосымша ғимараттың құрылысы.
Популярное
Последние выпуски
В Аксу по протесту прокуратуры снижена арендная плата за государственное жилье
В результате принятых мер по протесту прокурора города Аксу пересмотрен размер арендной платы за квартиры ...
Патрульные спасли девушку, пытавшуюся спрыгнуть из окна третьего этажа гостиницы в Уральске
Об этом сообщает polisia.kz. В полицию поступил тревожный вызов из одной из гостиниц города. Немедленно на ...
Представлены расписание поста Ораза и размер фитр-садака в Казахстане
Информация предоставлена Духовным управлением мусульман. «Сегодня на заседании президиума Духовного управления мусульман Казахстана под председательством Верховного ...
Курс доллара немного снизился на дневных торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 497,89 тенге, ...
СҚО-да қызына пышақ сұғып алған әйел сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында ашу үстінде 11 жасар қызына пышақ сұғып алған әйел 6 жылға бас ...
Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді
Санаулы күндерден соң мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға ...
ҚМДБ: Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы ...
Специалисты МЧС провели профилактический спуск лавин
Из-за резкого перепада температуры, оттепели и ветра в горах Алматы возникла угроза схода лавин. ...
Правительственная комиссия работает на месте ЧС в Улытауской области
По поручению премьер-министра Олжаса Бектенова Правительственная комиссия под руководством вице-премьера Каната Бозумбаева находится на месте ...