Лента новостей
Лента новостей - БҚО тұрғыны тісін сапасыз емдеген клиникадан 1,2 млн теңге өндіріп алды
Выпуск от 26.11.2024
В этом выпуске:
Орал қаласының № 2 сотында әйелдің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған әйел 1 млн 949 мың материалдық, 3 млн теңге моральдық шығын және оған қоса 1,1 млн теңге шығындарды өндіруді талап еткен.
Мәлім болғанындай, әйел 2022 жылдың мамыр айында жеке тіс емдеу клиникасына жүгінген. Сол жерде жақтың жоғарғы бөлігіндегі тістерді циркониялық коронка қолдану арқылы протездеу және жалған винир жолымен тістің пішіні мен түсін жөндеу қызметі көрсетілген. Соған әйел 700 мың теңге төлеген. Бірақ сапасыз қызмет салдарынан ол басқа клиникаға барып, онда 1 млн 249 теңгенің қызметі көрсетілген.
«2022 жылдың шілдесінде талапкер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментіне жауапкердің сапасыз қызметі негізінде жүгінді. Анықталған бұзушылықтарға байланысты аталған департамент бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды. Істі қарау барысында жауапкердің бұзушылықтары департамент ұйғарымы мен басқа адамдардың түсініктерімен куәланып, өз дәлелін тапты. Соның негізінде сот талапты ішінара қанағаттандырып, клиникадан 700 мың теңге материалдық, 500 мың теңге моральдық шығынды өндірді, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Шешім заңды күшіне енді», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Бұқар жырау бульварының учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының ...
В Акмолинской области задержана преступная группа, оформлявшая кредиты на казахстанцев
26 ноября в Акмолинской области сотрудники управления по борьбе с организованной преступностью провели операцию по ...
Токаев назначил командующего войсками регионального командования «Астана»
Об этом сообщает пресс-служба Акорды. «Распоряжением главы государства Гусейнов Махсут Курманалиевич назначен командующим войсками регионального командования ...
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Ақорда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалғанын мәлімдеді. «Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов „Астана“ өңірлік ...
Ерлан Карин провел заседание Республиканской комиссии по вопросам наград и государственных символов
Под председательством государственного советника Республики Казахстан Ерлана Карина прошло заседание Республиканской комиссии по вопросам государственных ...
В Жамбылской области выявили более 4 тысяч нарушителей правил благоустройства
Сотрудники полиции региона совместно с местными исполнительными органами активно борются с несанкционированными свалками и загрязнением ...
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан 6 медальға қол жеткізді
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Ерлер арасында қазақстандық ...
В Павлодарской области предотвратили попытку подкупа сотрудника следственного изолятора
В учреждении №63 департамента УИС Павлодарской области предотвращена попытка передачи взятки. Инцидент произошел, когда знакомый одного ...
Танысын Түркияға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп жатқан әйел ұсталды
Ташкент облысы ІІББ (ішкі істер бас басқармасы) жедел уәкілдері Охангарон қалалық МҚҚ қызметкерлерімен бірлесіп өткізген ...