Лента новостей
Лента новостей - Биыл бюджетке қанша қаржы түсті
Выпуск от 27.11.2024
В этом выпуске:
Биылғы республикалық бюджеттің түсімі мен кірістердің болжамды сомасы белгілі болды.
Толығырақ Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтып берді.
«2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы, бюджеттің келесі параметрлеріне байланысты әзірленді. Бірінші, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) салық түсімдерін 3,1 трлн теңгеге азайтуға және салықтық емес түсімдерді 1,1 трлн теңгеге ұлғайтуға байланысты 2 трлн теңгеге азайды. Екінші, экономиканың өсу қарқынын төмендету тәуекелдері жағдайында өңірлік өсу деңгейін ұстап тұру үшін, сондай-ақ биыл республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт 2 трлн теңгеге ұлғайтылды.
Үшінші, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, Үкіметтік борыш қызметіне 150 млрд теңге сомасындағы қаражатты қайта бөлу қарастырылған. Төртінші, бюджет тапшылығында 136,1 млрд теңге сомасына 2023 жылдың соңына бюджет қаражатының қалдықтары және жекелеген жобаларды іске асыруға қарыздарды тарту ескерілді», - деді Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында.
Министр ұсынған статистикаға сүйенсек, 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжануда. 2024 жылғы кірістер трансферттерді есепке алмағанда 14,1 трлн теңгені құрайды.
«Биыл бюджет тапшылығы 3,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 2,7% деңгейінде болжануда. Бюджет шығыстары 24,1 трлн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштер кепілдік берілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны мен бюджет тапшылығы бойынша бюджеттік қағидаларға сәйкес келеді», - дейді ведомство басшысы.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
61 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Солтүстік Македонияда 61 жасында тұңғышын дүниеге әкелген әйел елдегі «ең қарт ана» атанды. Бұл туралы Анадолы ақпарат ...
Запрет на вывоз топлива: Казахстан ограничивает экспорт бензина и дизеля в 2025 году
С 1 января 2025 года в Казахстане планируется введение запрета на вывоз бензина, дизеля и ...
Мошенничество в Караганде: мужчина обманул знакомого на 940 тысяч тенге
В Карагандинской области сотрудники полиции задержали 37-летнего мужчину, который обманул своего знакомого на 940 тысяч ...
Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты оқушылар онлайн оқиды
Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты 28 қарашада оқушылар мектепке бармайды. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ...
В Алматинской области с ноября по март ограничат движение на горных трассах
В ДЧС Алматинской области предупредили жителей о сохраняющейся опасности схода лавин в горных районах Талгарского ...
Доллар бағамы 500 теңгеден асып кетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
В Астане ученика избили в туалете школы: в деле разбирается комиссия
В социальных сетях появился ролик, на котором запечатлено жестокое избиение ученика в школьном туалете СОШ ...
В столице пьяный угонщик захватил автомобиль и направился в Караганду
В столице задержан гражданин, который в пьяном виде совершил угон автомобиля. В правоохранительные органы обратился местный ...
Мәжіліс есірткіге қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының ...