Лента новостей
Лента новостей - Атырауда бассейнге батқан қыздың өліміне кінәлі құтқарушы сотталды
Выпуск от 27.11.2024
В этом выпуске:
Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге 10 жасар қыз батып кеткен еді. Сот үкімімен жасөспірімді ересектер жүзетін залға жіберген құтқарушыға шартты жаза берілді.
Бұл оқиға 14 шілдеде болған. Осы оқиғаға байланысты құтқарушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс Атырау қаласында №2 сотта қаралды.
Сот материалындағы дерекке қарағанда, «Мұнайшы» спорт кешеніндегі ЖШС-нің құтқарушысы өзіне жүктелген қауіпсіздік міндеттерін сақтамаған. Ол 10 жасар қызды бассейндегі ересектерге арналған жүзу залына өткізген.
«Онда жасөспірім бассейннің тереңдігі 5,5 метр болатын қауіпті бөлігінде жүзуге барған. Жүзе алмағандықтан қыз бала бассейнге батып кеткен. Құтқарушы тарапынан бұған дер кезінде назар аударылмаған. Шұғыл түрде көмек көрсету бойынша қауіпсіздік талаптары сақталмай, абайсызда жасөспірімнің өлiмiне әкеп соққан», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталды. Жәбірленуші тарап келісім шарттарымен келісті.
«Үкім қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін барлық мән-жайлар ескеріле отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібінде шығарылды. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған құжаттың 63-бабын қолданылып, сотталушыға жаза шартты түрде берілді», - мәлім етті соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Президент Казахстана принял министра иностранных дел Венгрии Петера Сийярто
Глава государства принял министра внешнеэкономических связей и иностранных дел Венгрии Петера Сийярто, прибывшего в Астану ...
Руслан Желдибай назначен советником президента – пресс-секретарем президента РК
Об этом сообщает Акорда. «Распоряжением главы государства Желдибай Руслан Султанулы назначен советником президента – пресс-секретарем президента ...
Астанада лифтіде жарақаттанған бала ауруханадан шығарылады
Елордада тұрғын үй лифтінде жарақат алған баланың денсаулығы жақсарып келеді, ертең ауруханадан үйіне шығарылады. – Баланың ...
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Президент посетит Иорданию в ближайшие дни
Об этом сообщает Акорда. «Президент Касым-Жомарт Токаев по приглашению короля Абдаллы II бен аль-Хусейна 18-19 февраля ...
Қазақстан жастары қылыштасудан әлем кубогында топ жарды
Алматыда 4-16 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында қылыштасудан Əлем кубогы өтті. Аталған жарысқа Азия мен əлемнің 13 ...
Появилась информация о введении ограничения движения в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». 17 февраля 2025 года в 15:00 в связи с ухудшением погодных условий ...
КТК подвергся атаке беспилотников: транспортировку нефти ограничили
Нефтетранспортный объект Каспийского Трубопроводного Консорциума – НПС «Кропоткинская» подвергся атаке семи беспилотных летательных аппаратов (БПЛА), сообщает ...
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер ...