Лента новостей
Лента новостей - Мәжіліс есірткіге қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдады
Выпуск от 27.11.2024
В этом выпуске:
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екінші оқылымда қаралып, қабылданды.
Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекусорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнамасын жетілдіру.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Бұл ретте, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндіру мен оларды, оның ішінде «есірткіні жасырып кетушілерді» пайдаланып өткізу арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату ескерілген. Атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу үшін заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру үшін жауаптылықты көздейтін ҚР ҚК-нің жеке жаңа 297-1-бабы енгізілді. Онда мүлкі тәркіленіп, жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 297-бабында есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу үшін бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын бес жылдан он жылға дейін болған) түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген. Ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін алты жылдан он жылға дейін (бұрын алты жылдан он екі жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіледі.
Қылмыстық-процестік кодексте ҚК-нің жеке 297-1-бабының енгізілуіне байланысты бұлтартпау шараларын қолдану негіздері мен тергеулігін нақтылайтын түзетулер қабылданды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде:
- «күшті әсер ететін заттар» ұғымын;
- есірткіге тәуелділігіне байланысты мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар емханадан шығарылғаннан кейін есепке тұруға және онда демеп емдеуден өтуге міндетті екендігін көздейтін түзетулер қабылданды.
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңда «өндіру» ұғымын нақтылауды көздейтін түзету қабылданды.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Церемония встречи Владимира Путина состоялась в Акорде
В резиденции Акорда состоялась торжественная церемония встречи президента России Владимира Путина. Главу российского государства приветствовал ...
На границе Казахстана и России задержали мужчину с 31 кг икры
На пограничном пункте пропуска «Одесское» задержали гражданина Казахстана, пытавшегося незаконно вывезти из России 31 килограмм ...
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті
Бұл туралы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те ...
Средняя стоимость десятка яиц в Казахстане достигла 540 тенге
Согласно данным Бюро национальной статистики, за последнюю неделю стоимость яиц категории С1 выросла на 0,1%, ...
Мемлекет басшысы Ақордада Владимир Путинді қарсы алды
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі ...
В Павлодаре задержан водитель, устроивший ДТП и пытавшийся скрыться
В Павлодаре сотрудники патрульной полиции задержали водителя, который создал аварийную ситуацию и попытался скрыться, сообщает ...
Как легко получить медицинскую справку для водителей через портал eGov.kz
Теперь пользователи портала eGov.kz могут легко получить медицинскую справку формы 073/у, подтверждающую способность управлять транспортным ...
В Караганде спасли женщину и четверых детей из задымленной квартиры
В Караганде едва не произошел пожар в одной из квартир многоэтажки микрорайона Восток-3. Чрезвычайное происшествие случилось ...
Алматы маңында 7 жасар баланы автобус басып кетті
Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті. Оқиға салдарынан ...