{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Доллар бағамы 500 теңгеден асып кетті

Лента новостей - Доллар бағамы 500 теңгеден асып кетті

Выпуск от 27.11.2024

В этом выпуске:

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,98 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 499,51 теңге.

Ұлттық банктің 27 қарашадағы ресми бағамы — 1 долларға 498,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,75 теңге. Еуро — 524,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,3 теңге. Еуро 525 — 529 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге, сатып алу құны — 506 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,65-4,80 аралығында саудаланып жатыр. 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире