Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысы Ресей президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Выпуск от 27.11.2024
В этом выпуске:
27 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен келіссөз қорытындысына оң баға беріп, оның барысында екіжақты күн тәртібіне қатысты барлық өзекті мәселе талқыланғанын жеткізді.
"Өзара ынтымақтастық бойынша ортақ ұйғарымға келдік. Үкіметтерге тиісті тапсырмалар берілді. Алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Екі елдің қарым-қатынасы зор қарқынмен дамып келеді. Біздің міндетіміз – осы динамиканы бәсеңдетпей, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың табысты өркендеуіне, инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуіне, сондай-ақ білім мен гуманитарлық салалардағы байланыстардың нығаюына қолайлы жағдай жасау", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарының қазіргі жай-күйіне назар аударды. Президенттің айтуынша, өзара сауда-саттық үздіксіз дамуда, таяу уақытта екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге мол мүмкіндік бар. Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады.
"Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 18,3 миллиард доллар болатын 93 бірлескен жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде Қазақстанда 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта шамамен құны 29,5 миллиард доллар болатын және 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 49 жобаны қолға алуды жоспарлап отырмыз", – деді Қазақстан Президенті.
Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді.
"Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық. Ең бастысы, барлық сауалдың жауабын табуға ортақ ұмтылыс бар. Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін. Ал мұндай ниеттестік үлкен жетістіктерге ұласады. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы артып келеді. Қазіргідей қиындықтарға қарамастан, ықпалдастығымыз кеңеюде әрі қос тарапқа да тиімді", – деді Ресей Президенті.
Келіссөз барысында сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Популярное
Последние выпуски
Мемлекет басшысы Ресей президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
27 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев ...
В Кокшетау задержан наркоторговец, снимавшийся в казахстанских сериалах
Министерство внутренних дел РК продолжает активную борьбу с наркопреступностью. В Кокшетау задержан местный житель, подозреваемый в ...
В Алматинской области автобус насмерть сбил семилетнего ребенка
В настоящее время начато досудебное расследование, по итогам которого будет принято процессуальное решение. В селе Иргели ...
В области Абай более 60 жертв интернет-мошенников получили назад свои деньги
С начала года в области Абай зарегистрировано 660 случаев интернет-мошенничества. Благодаря действиям правоохранительных органов удалось вернуть ...
Жетісу облысы: Көктұмадан Достыққа дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жетісуда ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық автожолы жабылды. Бұл туралы ҚазАвтаЖол ҰК хабарлады. «2024 жылғы 27 ...
В Караганде на нерегулируемом переходе сбили 14-летнюю девочку
26 ноября в районе кафе «Три толстяка» на проспекте Назарбаева произошел наезд на пешехода. Как сообщает ...
Два сельских акима и директор школы в Жетысу незаконно удержали средства с многодетных матерей и инвалидов
В области Жетысу выявлены нарушения, связанные с удержанием обязательных взносов на социальное медицинское страхование с ...
Казахстан и Россия усиливают союзничество в непростое время
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом России Владимиром Путиным для переговоров в узком составе, ...
Путин Қазақстан Президентін Ресейдегі ірі халықаралық шараларға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстандағы кезекті ...