Лента новостей
Лента новостей - Түркістан облысында өнеркәсіп иелері үшін электр қуаты арзандатылды — әкім
Выпуск от 28.11.2024
В этом выпуске:
Түркістан облысында жыл басынан бері өнеркәсіп өнімі көлемі 8,8 пайызға артып, 960 млрд теңгеден асты.
Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Бұл туралы өңір әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік-экономикалық даму туралы есептік кездесуінде айтты.
«Биыл Президент өз Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырған болатын, инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде кіріс көздері ұлғайып, өндіріс орындары көбеюде. 10 айда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Экономиканың басым көрсеткіші саналатын жалпыөңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн теңгеге жетіп отыр. Қысқамерзімді экономикалық өсім — 110 пайызды құрады», — деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік брифингте.
Әкімнің айтуынша, аймақтағы өнеркәсіп өнімі көлемі 8,8 пайызға артып, 960 млрд теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде.
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд теңгеге өнім өндіріп, 113 пайыз өсім тіркелді. Өсім негізінен тау-кен, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және жиһаз өндірістері есебінен орын алып отыр.
«Ашық айтайық, өңірде негізгі өндіріс орындарын қалыптастыруға энергетика тапшылығының кедергісі бар. Сонымен қатар, облыстағы индустриялық аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында біз Үкіметке электр энергиясы бағасын төмендету ұсынысын енгіздік. Нәтижесінде қолдау тауып, бүгінгі таңда тариф бағасы индустриялық аймақтарда 47 теңгеден 25 теңгеге дейін төмендетілді», — деді Д. Сатыбалды.
Оған қоса, энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталды.
Сондай-ақ, қосымша 300 МВт күн электр станциясының жобасы әзірленуде. Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина, Бәйдібекте 350 МВт жел электр станциялары салынады.
Популярное
Последние выпуски
В Акмолинской области бывший сожитель обманул женщину, оформив на нее кредит
В Акмолинской области полиция расследует дело о мошенничестве, жертвой которого стала 35-летняя жительница Степногорска. Как сообщает ...
В Семее мужчина получил 300 часов общественных работ за кражу и порчу имущества
В Семее 35-летний мужчина получил 300 часов общественных работ за кражу велосипеда и разбитые окна ...
В Акмолинской области мошенники выманили у пенсионеров 2 миллиона тенге под предлогом ДТП
В Акмолинской области зафиксирован очередной случай мошенничества, жертвами которого стали пожилые жители Щучинска. Как сообщает ...
Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесіп, жазалау орындарына және тыйым салынған ...
Какая погода ждет казахстанцев сегодня
Осадки ожидаются в среду в большинстве регионов Казахстана, сообщает пресс-служба РГП «Казгидромет». «Циклоны, и связанные с ...
Ауа сапасы нашарлайтын қалалар тізімі жария етілді
Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Бүгін ауа ...
Жесткое избиение мальчика в Семее: детский омбудсмен сделала заявление
Уполномоченный по правам ребенка Казахстана Динара Закиева 25 февраля сообщила, что с акимом Абайской области Бериком ...
Сергек «ушел» из двух городов Казахстана: что дальше?
Интеллектуальная система «Сергек» с прошлого года не функционирует в Восточно-Казахстанской области, а с марта этого ...
Об ограничении движения в двух областях предупредили в «КазАвтоЖоле»
Сегодня в 20:00 в связи с ухудшением погодных условий вводится ограничение движения для грузового и общественного ...