Лента новостей
Лента новостей - Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
Выпуск от 28.11.2024
В этом выпуске:
Сессия отырысына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті.
«ҰҚШҰ қазіргі сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше барлық елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің қажет екенін көрсетіп отыр. Біздің үйлесімді әрекеттеріміз, өзара сенім мен қолдауымыз ең қиын әрі ауқымды міндеттерді шешу жолындағы ұжымдық қабілетімізді нығайтады. ҰҚШҰ – жай ғана әскери серіктестік емес, мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатындағы күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм екенін атап өткен ләзім», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсағанын айтты
Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.
«Ұйымның жарғылық органдарының отырыстары, әскери оқу-жаттығу жиындары және профилактикалық операциялар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарастырды. Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен парламент спикерлерінің деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның қосымша және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыттары бойынша консультациялар жасалды. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді. Бүгін бізге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тиісті мәлімдемесі ұсынылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндеттердің бәрі орындалды. Біз белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріңіз және бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын», – деді Мемлекет басшысы.
Жиын барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы қорытындыланды және алдағы кезеңнің жоспары нақтыланды.
Популярное
Последние выпуски
Бүгін түнде төтенше жағдайлар қызметі жоғалған малшыларды тауып, шипажайдағы өртті сөндірді
Бүгін Алакөл ауданы Достық ауылынан 45 шақырым жерде 1966 және 1968 жылдары туған екі ер ...
Спасатели нашли пропавшего из-за тумана пастуха в Кызылординской области
В Сырдарьинском районе Кызылординской области спасатели МЧС обнаружили пастуха, пропавшего накануне из-за сильного тумана, сообщает ...
В Сарыарке произошел пожар в административном здании: пострадали три человека
Об этом сообщает пресс-служба Министерства по чрезвычайным ситуациям. В районе Сарыарка на улице Жарсуат вспыхнул пожар ...
В Алматы задержаны карманники, промышлявшие кражами в общественном транспорте
В Алатауском и Жетысуском районах Алматы полиция задержала группу карманников, сообщает Polisia.kz. Злоумышленники орудовали в местах ...
Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, адамдар зардап шекті
Елорданың Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан бокстан өрт шықты, ...
В Астане произошел пожар в ангаре с лакокрасочными изделиями
По информации МЧС, пострадавших в результате инцидента нет. В Астане на улице Жабаева произошло возгорание в ангарном ...
В Астане мужчина получил 15 суток ареста за нецензурную брань в полиции
В столице рассмотрено дело в отношении мужчины, обвиняемого в мелком хулиганстве. Находясь в здании отдела ...
Алматыда 140 мыңнан астам тұрғын коммуналдық өтемақы алады
Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің ...
Құтқарушылар жоғалған малшыны тапты
Бүгін түнде құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны тапты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 1967 жылы туған азаматтың жоғалғаны ...