{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады

Лента новостей - Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады

Выпуск от 28.11.2024

В этом выпуске:

Өскемен қаласында ауа сапасының бұзылуына себеп болып тұрған қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады. 

ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада ертең де қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Сондықтан халыққа әлі де далаға көп шықпауға кеңес берілді. 

«Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты ауа тұманданып тұр. ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылады», - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Азамат Тәуірбеков.

Айта кетейік, 29 қарашада шаһар мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылған. 

Дереккөз: Kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире