Лента новостей
Лента новостей - Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Выпуск от 02.12.2024
В этом выпуске:
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазды Polisia.kz.
Іс-шара барысында саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды. Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді.
Сонымен қатар прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке, сұйықтығы бар 35 шыны паллет, олардың құрамында кептіру сатысындағы психотроптық зат болуы мүмкін деген күдік бар, белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр, ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап, сүзгілері бар 5 газтұтқыш, жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуумды пакет, есірткі жасауға арналған жабдық (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесінің металл бөлшектері), таразылар, телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекетке қолданылған басқа да заттар бар.
Бұл операцияның нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің шығуына тосқауыл қойылды. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды, оның ішінде азаматтық тұрғындар арасынан курьерлерді (жасырын қойып кетушілерді) қылмыстық әрекетке тартудың алдын алу мүмкін болды. Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Популярное
Последние выпуски
Суд оставил без изменений решение по делу сына депутата Турлыханова
Апелляционная инстанция Алматинского городского суда оставила без изменений решение первой инстанции по делу Нурасыла Болата, ...
Павлодарда жыл басынан есірткіге қатысты 225 қылмыс анықталған
Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарға жатады. Айналымға жіберілмеген есірткі және психотроптық ...
Министр промышленности сообщил о долгосрочной обеспеченности меди в Казахстане
Министр промышленности и строительства Казахстана Канат Шарлапаев на заседании правительства сообщил, что при текущих объемах ...
В Алматы задержан угонщик автомобиля: полиция вернула Mercedes владельцу
По информации правоохранительных органов, преступление совершил 33-летний житель Алматинской области, который угнал машину и скрылся ...
Элтон Джон впервые рассказал о зрительных проблемах, возникших после инфекции
Британский музыкант поделился печальной новостью о том, что его зрение не восстанавливается после перенесенной тяжелой глазной ...
Өнеркәсіп және құрылыс министрі баспана бағасына қатысты пікір білдірді
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі баспана бағасына қатысты ...
В Актюбинской области подан иск к подрядчику за разрушение новой дороги
В регионе выявлены серьезные недостатки при ремонте дороги стоимостью 600 млн тенге, сообщает пресс-служба Агентства по противодействию ...
Несчастный случай с лифтом в Алматы: погиб 21-летний рабочий
В настоящее время на месте происшествия продолжается выяснение всех обстоятельств трагедии. В Алматы на частном складе ...
Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді
Алматыда 2 желтоқсаннан бастап екі кезекші арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді. «Азаматтарға арналған үкімет» ...