{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Лента новостей - Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Выпуск от 02.12.2024

В этом выпуске:

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

"Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды енгізу қажет деп есептеймін. Әрине, сонымен қатар қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет ұсынатын көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі тиіс", - деп жазды балалар омбудсмені Instagram парақшасында.

 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире