Лента новостей
Лента новостей - Атырау әкімдігі күйеуі қайтыс болған әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған
Выпуск от 03.12.2024
В этом выпуске:
Атырау қаласының әкімдігі асыраушысы жоқ әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Бұл шешіммен келіспеген тұрғын облыстық мамандандырылған әкімшілік сотына жүгінді.
Атырау қаласының тұрғыны 2005 жылдың желтоқсан айында әкімдіктен жер телімін беруді сұрап, кезекке тұрған. Алайда, ол 2011 жылдың қарашасында қайтыс болған.
- 2012 жылдың сәуір айында жесір әйел әкімдікке жер учаскесіне кезекті өз атына қайта рәсімдеу туралы өтінішпен жүгінген. Кейін ол жер комиссиясының қарауына бірқатар тиісті құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жер қатынастары бөлімінің талаптарын толық орындаған. Ал, 2015 жылдың мамыр айында аталған бөлім жесір әйелге 2005 жылдың желтоқсан айынан бері жер учаскесіне кезекте тұрғаны туралы анықтама берген. Мұны EGOV және EГКН ақпараттары растайды, -деп хабарлады соттан.
Алайда, 43 жастағы әйел 2023 жылдың маусым айында жер телімі кезегінен шығарылған. Бұл әкімдіктің бөлімінен хабарланған. Кейін ол бөлімге дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш берген. Бөлімнен бұл ұсыныстан бас тартқан.
- Талап қоюшы ресми ақпарат көздеріне сәйкес 2005-2023 жылдар аралығында кезекте тұрғаны анықталды. Сот осыны ескеріп, бөлімнің кезекті қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп таныды. Бөлімге талап қоюшының кезегін қалпына келтіру міндеттелді, - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.
Әкімдіктің бөлімі сот шешіміне байланысты шағым түсірмеген. Ал, сот шешімі заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Қостанайда парамен ұсталған комитет төрағасы сотталды
АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа ...
Елордаға LRT пойыздары қашан жеткізіледі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының қызу жүріп жатқанын айтты. "LRT құрылысы қызу жүріп жатыр. ...
В горах Алматы обустроили три родника для туристов
Управление туризма Алматы завершило благоустройство трех горных родников: «Ақ-Бұлақ» (Просвещенец) на высоте 1 610 м, ...
Доллар 8 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Айбек Оралбай одержал победу на чемпионате Азии по боксу в Таиланде
Об этом сообщает Национальный олимпийский комитет (НОК) Казахстана. «Казахстанец Айбек Оралбай стал победителем чемпионата Азии по ...
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз атанды. Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетов ...
Доллар снова резко подорожал на торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 516,93 тенге, ...
Өскемен қаласының әкімі тағайындалды
Өскемен қаласының әкімі болып Алмат Акышов тағайындалды. Ол бұған дейін Күршім ауданының әкімі лауазымын атқарған. Алмат ...
Прокуроры сделали обращение после инцидента с родными Шерзата Болата
Прокуратура Алматинской области опубликовала обращение к жителям региона с предупреждением о последствиях организации незаконных митингов ...