{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Қостанайда парамен ұсталған комитет төрағасы сотталды

Лента новостей - Қостанайда парамен ұсталған комитет төрағасы сотталды

Выпуск от 11.12.2024

В этом выпуске:

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

"Мәселен, Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д. Әбдікәрімов орта қауіпсіздікті түзеу мекемесінде мерзімін өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жеке компаниялардың басшысы С. Оспановтан шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,4 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды. Сот С. Оспановқа 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады", — делінген агенттік хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.