{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - 110 млн теңге пара дәметкен Шымкент қаласының судьясына қатысты тергеу аяқталды

Лента новостей - 110 млн теңге пара дәметкен Шымкент қаласының судьясына қатысты тергеу аяқталды

Выпуск от 12.12.2024

В этом выпуске:

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті

Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 

Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире