Лента новостей
Лента новостей - Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Выпуск от 18.12.2024
В этом выпуске:
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Негізгі міндет – қор компаниялары тобының мысалында Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов биылғы 11 айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша баяндама жасады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 53,5 трлн теңге болатын 130-ға жуық жобаны қамтиды. Үкіметтің ерекше бақылауында тұрған 44 инвестициялық ірі жобаның іске асырылу барысы қаралды. Аталған жобаларға мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика және тау-кен секторларындағы салынған қаржының жалпы көлемі – 28,8 трлн теңге.
Бүгінгі таңда 23 жоба бойынша ЕРС-келісімшарттар жасалды, бұл ретте 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалғандары іске асырудың түрлі кезеңдерінде.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша жоспарланған 302 шақырымдық газ құбырының 95,5 шақырымы тартылғанын, жұмыстар мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады.
«Достық – Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту аясында жоспарланған 836 шақырым жолдың 786 шақырымы салынды, бұл да осы кезеңдегі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. СИБУР және Sinopec «Полиэтилен өндірісі» компанияларымен бірлескен жобаны жүзеге асыру шеңберінде инженерлік дайындық жүргізіліп жатыр.
Президенттің бірлескен инвестициялау құралдарын кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмасын орындауда әлеуметтік маңызға ие жобаларды іске асыру үшін жекеменшік компаниялар қаражатын тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, Қызылорда облысында электр стансасын салу шеңберінде 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мен қатарлық инвестор PIH арасында қуаты 1 ГВт жел электр стансаларын іске қосу жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы – Masdar (БАӘ) компаниясымен бірлескен жоба бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға газбен жабдықтау тарифін түзету мәселелерінде қолдау көрсету үшін «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының іске қосылуына назар аударылды. Бұл бастама атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтарды қамтиды.
Олар үшін тауарлық газға жеңілдік мөлшері есептелген соманың 24%-на жетуі мүмкін. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Осы жылдың 11 айында офтейк-келісімшарттар сомасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есе өсіп, 182,3 млрд теңгеге жетті. ОТӨ-мен жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға шарт жасалды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83%-ды құрады.
Биылғы қараша айында жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тарапынан заңсыз құжаттарды тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында ҚР ҚМ МКК электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау қамтамасыз етілді. Премьер-министрдің елішілік құндылық үлесін 82%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жоспарлы көрсеткішке 2024 жылдың соңына қарай қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Премьер-министрге мұнай-газ-химиясы, электр энергетикасы, көлік-логистика, тау-кен, телекоммуникация секторларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 2025-2029 жылдары Қордың меншікті қаражатының 3,6 трлн теңгесін қосқанда, шамамен 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланғаны баяндалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды, оның ішінде алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қор басшылығы мен қызметкерлерінің пайдалы әсер коэфиценті тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс тиімділігінің көрсеткішін қамтиды.
Популярное
Последние выпуски
Половину всех ветхих домов Алматы модернизируют до 2030 года
Новая программа реновации жилья в Алматы, рассчитанная до 2030 года, предполагает квартальную застройку города. Об ...
2025 жылы Қазақстанда бірнеше ішкі және халықаралық әуе рейстері ашылады
Келер жылы еліміз жаңа әуе рейстерін ашып, бірнеше ұшақ сатып алмақ. "Биыл 22 жаңа әуе бағыты ...
8-летнюю девочку сбил автомобиль возле лицея в Кокшетау
За 11 месяцев текущего года в Акмолинской области зафиксировано 217 ДТП с участием детей, сообщает ...
Қазақстан Статимен ұзақ мерзімді дауды аяқтады
Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және ...
Полиция предупредила об ограничении движения в Алматы
На период визита президента Гвинеи-Бисау в городе введут частичное ограничение движения на некоторых улицах, сообщает ...
Уполномоченные по правам человека посетили учреждения УИС в Астане
Уполномоченные по правам человека России и Казахстана посетили колонию и следственный изолятор в Астане, чтобы ...
ШҚО-да магистральдық желіде ақау шығып, бір ауыл жылусыз қалды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында магистральдық желіде ақау шығып, Усть-Таловка ауылы жылусыз қалды. 18 желтоқсанда таңғы ...
Спасатели МЧС вызволили 136 человек из снежных заносов в Жетысу
В результате ухудшения погодных условий, сильного бурана и метели с нулевой видимостью на автодороге Ушарал ...
Президент Қатар мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады
Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим ...