{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Оралдың бірқатар ауданы сусыз қалды

Лента новостей - Оралдың бірқатар ауданы сусыз қалды

Выпуск от 18.12.2024

В этом выпуске:

Орал қаласының бір бөлігінде салқын су беру тоқтатылды.

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, Зачаган кентіндегі Шұғыла — М.Мөңкеұлы көшелерінің қиылысында су құбырындағы апатты жою жұмыстары жүргізілуде. 

«Соған байланысты № 39 көтеру сорғы станциясынан су беру тоқтатылады. Атап айтқанда, Қазақ ауылы, М.Мөңкеұлы, Көктем, Сарытау, Құс фабрикасы аудандары сусыз қалды. Су шамамен 18 желтоқсан күні сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін болмайды», — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — Зачаган кентіндегі бірінші жағдай емес. Бұған дейін де құбыр жарылған болатын.

Дереккөз: Kazinform 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире