{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Абай облысының Аягөз ауданында өрт салдарынан бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

Лента новостей - Абай облысының Аягөз ауданында өрт салдарынан бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

Выпуск от 19.12.2024

В этом выпуске:

Аягөз ауданының 101 төтенше жағдай арнасына «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

 Өрт сөндіру жұмыстарына 4 АЦ өрт сөндіру көлігі, 15 қызметкері жұмылдырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі бойынша сағат 23:59-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалпына келтіру жұмыстары нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі және Аягөз қаласынан басқа барлық ауылдық округтер электр энергиясымен толық қамтамасыз етілді.

Қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда 5-уі іске қосылды. 1-ін қосу жұыстары жүргізілуде. Тұрғындарға электр қуатын беру жұмыстарын «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ қызметкерлері ақауды жою жұмыстарын атқаруда.

«БЭСК» АҚ Үржар, Жарма аудандары мен Өскемен және Семей қалаларынан келген 7, сондай-ақ Аягөзден 3 бригада жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды.

Дереккөз: kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире