Лента новостей
Лента новостей - Ұлытау тұрғыны қызының жалаңаш суретін желіге жариялағаны үшін жазаға тартылды
Выпуск от 19.12.2024
В этом выпуске:
Сәтбаев қалалық соты жәбірленушінің келісімінсіз интернет арқылы жеке ақпарат таратып, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген сотталушы «С»-ға қатысты үкім шығарды.
Сот материалдарына сәйкес, сотталушы «С» 2024 жылдың 21 тамызында сағат 00:32 шамасында өзінің бұрынғы қызы, 2002 жылы туған «Т»-ны масқаралау мақсатында Telegram арнасында «В» атты топ ашқан. Топқа жәбірленушінің 12 танысын, туыстарын және достарын қосып, өз ұялы телефонында сақталған, жәбірленушінің кіндіктен жоғары жалаңаш түскен екі суретін, хат алмасуларын және жеке құпия болып саналатын ақпараттарын жариялаған.
Сонымен қатар, сотталушы «С» TIK-TOK әлеуметтік желісінде @g парақшасын ашып, жалпы қолжетімді екенін біле тұра, жәбірленушіні масқаралау мақсатында оның диктофон жазбасын бейнежазба ретінде жариялаған. Осылайша, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігінде көзделген жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, сондай-ақ дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдер жиынтығымен расталды. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындағанын және жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды ескерді.
— Сот үкімімен «С» Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Сотталушы сот залынан қамаққа алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген сот таратқан хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Бала асырап алғысы келетіндерге талаптар күшейтілмек
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бала асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтетін тетіктерді енгізбек. «2024 жылғы 23 ...
Президенты Казахстана и Гвинеи-Бисау посетили МФЦА
Глава государства Касым-Жомарт Токаев и президент Республики Гвинея-Бисау Умару Сисоку Эмбало, находящийся с официальным визитом ...
10 карет скорой помощи обслуживали население без техосмотра в ЗКО
Прокуратурой Жанибекского района Западно-Казахстанской области в ходе анализа состояния законности в районной больнице установлены 10 ...
Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» ...
Жәрмеңке кезінде 32 бала мерт болды
Оқиға Нигарияның оңтүстігіндегі Ойо штатындағы жәрмеңке кезінде болды, деп жазады Түркияның Анадолы агенттігі. Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, ...
Бектенов: решение о едином часовом поясе было принято на основе глубоких исследований
В ходе рабочей поездки в Костанайскую область премьер-министр РК Олжас Бектенов посетил заводы, где состоялись ...
Водитель фуры осужден на пять лет за ДТП, в котором погибли восемь человек
В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Актюбинской области рассмотрели уголовное дело в отношении водителя ...
Бұдан былай есірткі бизнесін ұйымдастырғандар өмір бойына бостандығынан айырылады
Сенат депутаттары есірткі мен психотроптық заттардың, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы ...
Мать, распивавшая алкоголь с сыном, получила штраф и запрет на спиртное
В Костанайском районном суде рассмотрели дело об административном правонарушении, в котором мать привела своего несовершеннолетнего ...