Лента новостей
Лента новостей - Бұдан былай есірткі бизнесін ұйымдастырғандар өмір бойына бостандығынан айырылады
Выпуск от 19.12.2024
В этом выпуске:
Сенат депутаттары есірткі мен психотроптық заттардың, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасын екі оқылымда қарап, мақұлдады
Заң жобасын таныстырған сенатор Наурызбай Байқадамов бұл құжат «есірткі көмушілер» мен оларды қылмысқа итермелейтіндердің арасындағы қылмыстық жауапкершілікті ажырату үшін әзірленгенін еске салды.
— Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу қылмыстарының бірқатары үшін жаза мерзімдері 2 жыл мерзімге, ал кейбіріне — 3 жыл мерзімге төмендету арқылы өзгертіледі. Аталған қылмыстар үшін мүлiктi тәркiлеу жазасы сақталады. Қылмыстық кодекс жаңа 297-1-баппен толықтырылады. Яғни, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі және есірткі тектестерді өндірушілердің жазасын бас бостандығынан айыру мерзімін өмір бойына дейін ұлғайту арқылы күшейтіледі, — деді депутат.
Ал 297-1-баптың қылмыстарын қызмет бабын пайдаланып жасаған лауазымды адамдарға мүлкін тәркілеу, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
— Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді. Қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылып келді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне күшті әсер ететін зат ұғымы енгізіледі. Профилактикалық мақсатта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салу белгіленеді, — деді сенатор.
Заң жобасында заңнамадағы «препарат» және «уытқұмарлық» ұғымдарын нақтылау ұсынылған.
Сондай-ақ, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарға рецепт бере алатын лауазымдар мен ұйымдар тізбесін айқындайтын мемлекеттік орган белгіленбек.
Дереккөз: kazinform
Популярное
Последние выпуски
Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ...
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы ...
Схема массовой активации sim-карт для интернет-мошенничества раскрыта МВД в Жетысу
Сотрудники департаментов полиции Жетысуской области и города Астаны при координации департамента по противодействию киберпреступности МВД провели успешную операцию ...
Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті ...
Избиение на рынке в Атырау: виновному в гибели человека вынесен приговор
19 декабря в Атырауском городском суде №2 завершилось рассмотрение резонансного уголовного дела о смерти Амандыка ...
Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде ...
Касым-Жомарт Токаев принял председателя совета директоров Euronews Педро Варгаса Давида
В ходе встречи были обсуждены вопросы сотрудничества Казахстана и канала Euronews, одного из мировых лидеров ...
Курс доллара вновь вырос на торгах
Об этом сообщает Казахстанская фондовая биржа (KASE). Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 524,02 тенге, ...
Көпбалалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы ақпарат берді. 2024 жылдың ...