Лента новостей
Лента новостей - Бала асырап алғысы келетіндерге талаптар күшейтілмек
Выпуск от 19.12.2024
В этом выпуске:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бала асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтетін тетіктерді енгізбек.
«2024 жылғы 23 шілдеде ҚР Конституциялық соты «Неке және отбасы туралы» кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Бұл бапта тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ерлерге бала асырап алуға тыйым салынған еді. Бұл ретте, жыл сайын балаларға қатысты құқық бұзу деректері көбейіп келеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, мұндай құқық бұзу әрекеттерінің 99 пайызын ер адамдар жасайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, министрлік ерлі-зайыптыларға бала асырап алуға басымдық құқығын беру мәселесін қарастырып жатыр ма?», - деп сұрады сенатор Нурия Ниязова.
Өз кезегінде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру аясында министрлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ерлі-зайыптылардың басымдығын көздейтін бірқатар заңнамалық нормаларды әзірлегенін айтты.
«Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар кешені әзірленді. Бұл тұрғыда бала асырап алушы мен асырауға берілетін баланың жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту, міндетті психологиялық диагностикадан және аккредиттелген ұйымдар арқылы тиісті оқытудан өту ескерілген. Қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Осы рәсімдерден кейін түзетулер пакеті Парламент қарауына енгізілмек», - деп түсіндірді вице-министр.
Дереккөз: Kazinform
Популярное
Последние выпуски
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін орталықтар саны 65-ке жетті
Қазір елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ...
Тікұшақ аурухана ғимаратына соқтығысты
Апат салдарынан екі ұшқыш, бір дәрігер және жедел жәрдем қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды TRT ...
В работе по уборке снега в Астане задействовано более 2,6 тыс. дорожных рабочих
В связи с непрекращающимся снегопадом в столице коммунальными службами ведется круглосуточная работа в усиленном режиме, ...
Жителю Жамбылской области отказали в пенсии из-за ошибки в окончании фамилии
Гражданское дело рассматривали в Жуалынском районном суде, сообщает Zakon.kz. «Истец Б. в 1985-1998 годах работал в ...
Отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шаралары қандай
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ...
В Атырау спасатели МЧС помогли малышу вытащить палец из шайбы
В травматологическое отделение областной детской больницы обратились за помощью родители пятилетнего мальчика. Он засунул палец ...
Стали известны подробности стрельбы в Алматы
Стали известны подробности стрельбы в Наурызбайском районе Алматы, которая произошла 20 декабря, сообщает Tengrinews.kz. По информации издания, стрельба произошла ...
Неблагоприятные метеоусловия ожидаются в двух городах Казахстана
Об этом сообщает РГП «Казгидромет». Благоприятные метеорологические условия 22 декабря ожидаются в большинстве городов Казахстана. По информации синоптиков, неблагоприятные метеорологические ...
Новогодняя елка в Шымкенте вспыхнула из-за короткого замыкания
На площади в Шымкенте во время церемонии зажжения новогодней елки произошло короткое замыкание, вызвавшее возгорание. ...