{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді

Лента новостей - Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді

Выпуск от 19.12.2024

В этом выпуске:

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халқыққа Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылу барысын бақылау.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар кәсіпорынның жұмысын көрген Премьер-министр өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы, тереңдете қайта өңдеумен және отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының нәтижелерімен танысты.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға шамамен 175 млрд теңге қаржы бағытталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,7 есе асып түсті. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов 2027 жылға дейін АӨК-те 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 96 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын баяндады. Инвестицияның жалпы көлемі 232 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту мақсатында 6 тауарлы-сүт фермасын салу жұмыстары жүргізілуде, оның біреуі пайдалануға берілді. Құс шаруашылығында жалпы құны 60 млрд теңгені құрайтын 2 ірі құс фабрикасын іске қосу жоспарланған, нәтижесінде құс етін өндіру жылына 62,5 мың тоннаға артады деп күтілуде.

Премьер-министрге «Аруана-2010» ЖШС ұн өндіру кәсіпорны аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жеткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған құны 3 млрд теңге болатын диірмен кешенін салу жөніндегі жоба таныстырылды. Бүгінде кәсіпорын жылына 90 мың тоннаға дейін өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Кешенді кеңейту ұн өндірісі көлемін 2 есеге жуық – 170 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту және өңдеуді тереңдету жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігін баса айтты. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі бидай мен ұн бойынша ең ірі экспорттаушы 10 елдің қатарына кіреді. Облыс әкімдігіне «Аруана-2010» кәсіпорнына дайын өнімді өткізу нарықтарының географиясын ұлғайтуға көмектесу, сондай-ақ экспорттық бағыттарды кеңейте отырып, логистиканы жетілдіру мәселесін пысықтау тапсырылды.

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын аралаған Премьер-министр отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу барысымен танысты.

Премьер-министрге кондитерлік өнімдердің ірі өндірушілерінің бірі – «Баян Сұлу» АҚ-ны жаңғырту жоспары туралы баяндалды. Бүгінде зауыт жылына 85 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Оның қатарында вафли, зефир, мармелад, ирис, карамель сияқты 300-ден астам өнім түрі бар. Жалпы құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа «Кондитерлік Астана» кешені жылына қосымша 13 мың тонна өнім өндіруге және 260 жаңа жұмыс орны ашуға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов отандық брендтерді шетелде, оның ішінде цифрлық шешімдер арқылы ілгерілетуді күшейту қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда «Баян Сұлу» өнімдері шетелдік ТМД мен Еуропа нарықтарына экспортталады.

«МИЛХ» ЖШС сүт зауытын аралау барысында Премьер-министр өндірістің технологиялық ерекшеліктерімен танысты. Кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Құны 7,2 млрд теңгені құрайтын және қуаты 10 мың тоннаға дейін жететін ірімшік өндіретін жаңа цехтың іске қосылуы әлемдік ірімшік брендтері сапасына сәйкес келетін 20-ға дейін өнім түрін шығаруға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет ауыл шаруашылығы секторын қолдау жөніндегі, оның ішінде шаруаларға несие беру мен субсидиялау бағытындағы жаңа жобаларды қаржыландыру арқылы кешенді шараларды іске асырып жатқанын атап өтті.

«АгромашХолдинг KZ» кәсіпорны базасында Премьер-министрге өңдеу өнеркәсібінде локализациялауды тереңдету жұмысттарының нәтижесі көрсетілді. Қазақстандағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші кәсіпорын жылына 1 мыңға дейін комбайн, 3 мың трактор, 300 тұқым сепкіш және 200 жинаушы платформа шығарады. Компания CLAAS, Гомсельмаш, Санкт-Петербург трактор зауыты, Lovol, AMAZONE сияқты әлемдік жетекші өндірушілермен, сондай-ақ қазақстандық машина жасау зауыттарымен ынтымақтасады.

Олжас Бектенов кәсіпорынды аралау барысында отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін локализациялауды арттыру қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұл агроөнеркәсіптік паркті жаңарту үшін қажет.

«Үкімет өңдеу өнеркәсібінде локализацияны тереңдетуге ерекше көңіл бөліп, басты міндеті отандық тауар өндірушілерді қолдау саналатын экономикалық патриотизм қағидатын берік ұстанады. Осы мақсатта Үкімет ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді. Осылайша, отандық өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін субсидияланады. Бұл ретте Қазақстанда өндірілетін техниканың импорттық аналогтарын субсидиялау мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, озық әзірлемелер мен нарық сұраныстарына сәйкес, сапаны жақсарта отырып, техникалық жабдықтарды жаңғырту үдерістерін жалғастыруы қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

2024 жылы басталған жеңілдікті лизинг бағдарламасына Үкімет 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бір жыл ішінде шаруалар 22 мың дана заманауи техника сатып алды, бұл агроөнеркәсіп паркін жаңартудың 5,5%-ын құрады.

 

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.