Лента новостей
Лента новостей - Жетісу облысында интернет алаяқтарға SIM-карталар дайындайтын топ ұсталды
Выпуск от 20.12.2024
В этом выпуске:
Жетісу облысы және Астана қаласы полиция департаменттерінің қызметкерлері ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен интернет-алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесу бойынша операцияны сәтті жүргізді, деп хабарлайды polisia.kz.
Интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында қылмыс жасау үшін пайдаланылған көптеген sim-карталардың іске қосылған орны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың бірі Жамбыл ауылында, екіншісі Қаратал ауданының Достық ауылында тұрған. Күдіктілер sim-карталарды іске қосып, WhatsАpp мессенджеріне тіркеліп, Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысатын алаяқтарға сатқан.
Қылмыс келесі схема бойынша жүзеге асырылған: қаскөйлер өздерінің жеке деректерін пайдаланып, Tele2 қосымшасы арқылы абоненттік нөмірлерді тіркеген, содан кейін басқа қосымшалардың көмегімен нөмірлерді іске қосып, оларды Telegram-каналдар арқылы 500-ден 1500 теңгеге дейінгі бағамен сатқан. Күніне 100-ге дейін sim-карталар тіркеген.
Тінту барысында ұсталғандардан 17 ұялы телефон, екі ноутбук, бір модем және 1000-ға жуық sim-карта тәркіленді.
Тергеу жалғасуда. Ұсталғандардың басқа алаяқтармен ықтимал байланысы тексеріліп жатыр.
Популярное
Последние выпуски
В Алматы зажглись огни 80 елок: стартовал праздничный сезон
На площади Абая состоялось торжественное зажжение главной елки города высотой 25 метров. Под снегопадом, в ...
Рейсы массово задерживаются в аэропорту Астаны
В международном аэропорту Астаны из запланированных 75 рейсов на вылет задерживаются 4, а из 80 ...
За вымогательство задержаны администраторы телеграм-канала QirSabyn
Об этом сообщает Генпрокуратура РК. «18 декабря при координации Генеральной прокуратуры межведомственной следственно-оперативной группой КНБ-МВД и совместно со ...
Учредители детских садов получали деньги за несуществующих воспитанников в Шымкенте
Прокуроры Шымкента выявили фиктивные приписки посещения детей в дошкольные учреждения. В ходе проведения анализа выявили ...
Полицейского насмерть сбили на трассе в Алматинской области
В социальных сетях распространяется видео с места происшествия. В департаменте полиции Алматинской области сообщили, что 20 декабря водитель ...
Алматы облысында жол полициясын көлік қағып, мерт қылды
Алматы-Өскемен тас жолында патрульдік полиция инспекторын көлік қағып, мерт қылды. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәләметінше, қайғылы ...
Аэропорт Алматы закрыли для приема рейсов в связи с непогодой
Воздушная гавань будет закрыта для приема рейсов ориентировочно до 23.00, сообщили в пресс-службе аэропорта. «Международный аэропорт ...
Дрифтовавший водитель арестован в Алматы
Полицейские привлекли к ответственности 20-летнего водителя за мелкое хулиганство и отсутствие страховки, сообщает Polisia.kz. В минувший ...
Алматыда асылып қалған ер адамның денесі табылды
Алматының Алатау ауданында электр тірегінің астына асылып қалған ер адамның денесі табылды. Оның видеосы әлеуметтік желіде ...