{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз рәсімдегендер сотталды

Лента новостей - Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз рәсімдегендер сотталды

Выпуск от 20.12.2024

В этом выпуске:

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Бұған дейін тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталған. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырғаны белгілі болды.

- Бұл әрекеттер міндетті төлемдер мен салықтардың төленбеуіне және жалған құжаттарды пайдалануға әкеліп, мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - деп жазды департаменттен.

Сонымен қатар, соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Көкшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Көкшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.

Дереккөз: kazinform

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире